Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет9/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

«Әлеуметтік үдерістерді моделдеу» кітабында мемлекеттік саясат жөнінде мынадай аспектілерге баса назар аударылады:

- саясатты жасау үдерістері;

- белгілі саладағы саясат мазмұны;

- саясат нәтижелері және салдары;

- саясатты негіздеу әдістері;

- сараптамалық зерттеулер.



Мемлекеттік саясаттың даму үдерісінің қиындығы мен кең ауқымдығы мұнда бірнеше ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуын негіздейді, бірақ ең маңызды рөлге ие:

1) заң шығару билігі органдары (өкілеттік);

2) атқарушы билік органдары;

3) мүдде және қысым көрсету топтары.

Кейбір жағдайларда әрбір мүше әр кезеңде өзгеше болатын белгілі бір қызметті орындап, өзіне тиісті рөлді ойнайды. Олар бірігіп, корпоративті мүддені қорғап, белгілі салада саясаттың жасалуы мен жүзеге асуына елеулі түрде әсер ете алады.

Мұның бәрі саясаттың тікелей мүшелері оның субъектілеріне қатысты, бірақ, саясаттың объектілерін де ұмытпаған дұрыс, яғни олар таралатын әлеуметтік топтар.



Сонымен қатар, соңғы кезде олардың арасындағы айырмашылық елеулі емес, себебі азаматтар түрлі қоғамдық мәселелердің шешімі мен тетігінің қалыптасуына араласады:

- мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты реттейді;

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғарылауына бағытталады;

- әкімшілік үдерістерді жеңілдетеді;

- саясатты жүзеге асыру жайында ақпарат алуды және оның халыққа тиімділігін орнықтырады.

Мемлекеттік саясатты жасаудың түрлі үлгілері бар. Жоғарыда аталған кітапта мақсаттар мен міндеттерді ұсынуда, іс-шаралар мен бағдарламаларды жасауды кім басты рөлге ие екеніне байланысты үш үлгісі бөліп көрсетуге болады (8-сурет):

- «Жоғарыдан – төмен» үлгісі кезінде шешімдер басқарудың жоғарғы сатысында қабылданады, содан соң, төменгі деңгейдегілерге және нақты орындаушыларға жеткізіліп, олар пассивті рөлге ие болып, қарапайым орындаушылар ретінде болады;

- «Төменнен – жоғары» үлгісі кезінде түрлі бағдарламалар мен жобаларды жасайтын, жүзеге асыратын қоғамдық топтар мен ұйымдарды белсенді түрде қызықтыра отырып, саясаттың мемлекеттік басқарудың төменгі құрылымынан бастап қалыптасуын қатамасыз етеді. Олардың ұсыныстары мен ойларын есепке алып, толыққанды мемлекеттік саясат жасалынады;

«Аралас» үлгі осы екі әдісті біріктіреді, яғни мықты орталықтандырылған басқару кезінде барлық азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді саясат жасау тетігіне тарту болып табылады.

8-сурет. Мемлекеттік саясатты жасаудың негізгі үлгілері

Бірақ, мемлекеттік саясаттың кез-келгенүлгілері мен типтері кезінде оның нәтижелігі, көп жағдайда, мемлекеттік басқару органдарының демократиялық мемлекеттерге тән негізгі әкімшілік құндылықтарды, атап айтқанда сенімділікті, тиімділікті, бейімделушілікті, айқындықты, есеп берушілікті қаншалықты ұстанатынына байланысты болып келеді.

Бұл қағидаттар барлық мемлекеттік институттар мен әкімшілік үдерістердің негізі болып саналады, сонымен қатар, сыртқы ұйымдар тарапынан жеңіл тексеріледі: Парламент, сот органдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар.

Негізінен, мемлекеттік саясатты басты мәселелердің сипаты мен мазмұнына сай бірнеше бағыттарға бөледі. Билік органдары оларды қоғам өмірінің бір саласында шешуі керек.

Мемлекеттік саясаттың мынадай негізгі түрлерін бөліп көрсетуге болады (9-сурет):

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- әкімшіліктік;

- экологиялық;

- сыртқы;

- әскери;

- ұлттық қауіпсіздік;

- кадрлық;

- демографиялық;

- мәдени;

- ақпараттық;

- аграрлық;

- құқықтық;

- ғылыми-техникалық, және т.с.с.

9-сурет. Мемлекеттік саясаттың негізгі түрлері



Мәселен, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын даярлауда іс-шаралар саясаты былай жасалынады:

- қаржылық, ақша және баға;

- құрылымдық;

- аграрлық;

- әлеуметтік;

- өңірлік экономикалық;

- сыртқы-экономикалық және т.б.

Келесі деңгейде әр бағыт ішінде мемлекеттік саясаттың бірнеше бағытын көрсетуге болады. Мысалы, жалпы әлеуметтік саясат аясында халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салаларында іс-шаралар жоспарланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет