Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Белес ауылы
Белес ЖОБМ балабақшасының
Математика пәні мұғалімі
Алимгалиева Мария Гарипуллиновна
Сабақ жоспары: Геометрия пәні Сыныбы: 8«А»
Тақырыбы: Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар
Мақсаты: а) Білімділік: Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлармен зерттеулер арқылы оқушылардың ой
өрістерін дамыту, қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алатын және сызбасын келтіру,
шығармашылықпен елестету дағдыларын қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту.
Міндеттері: -Төртбұрыштардың түрлерін ажырата білу; Өмірде кездесетін төртбұрыштарды өз өмірлерінде кездесетін жағдайлармен
салыстыра білу, қоршаған ортадағы заттардағы төртбұрыштарды талдай алу және сызбасын келтіре білу,
шығармашылықпен жұмыс жасап,сала білу, құрастыра білу, елесте алу қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды ізденіске, ойлауға баулу.
Қолданатын модульдер:
1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни түрғыдан ойлау.
3. Оқытудағы ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдалану.
4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ .
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен мозайка қиылған суреттер бойынша
«Кубизм», «Көршінді тексер», «Болжау» , «Ойлан-бөліс-талқыла», «Миға шабуыл» Рефлексия.
Күтілетін нәтиже:
- Төртбұрыштарды ажырата алады, анықтамасын біледі, қасиеттерін біледі;
- Шығармашылықпен жұмысты іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;
- Логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар:
|
Кіріспе бөлімі
|
Сабақтың басталуын ұйымдастыру
3 мин
БІЛУ
Қажетті өткен тақырыпты қайталау
Түсіну
1 мин
|
Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:
Күннін шуағындай жылу тілеймін.
Қажымас қайрат тілеймін.
Таудай талап тілеймін. Сәттілік тілеймін.
Топқа бөліну
«Мозайка» суреттер қиындыларымен
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.
1топ,2 топ,3 топ,
Топтасады
1топ-шаршы, 2топ-трапеция, 3 топ-пареллограмм
Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады.
Сабақтың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
«Көршіңді тексер» әдісі Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Слайдта үй жұмысының шешімі тұрады.
Үй тапсырмасы Реферат, сымнан, қағаздан төртбұрыштар жасау
Топтағы оқушылар бір-бірінің үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.
«Кубизм» стратегиясы. Сабақтың мақсатын ашу
“ Математика пәнінің маңыздылығы соншалық, сондықтан да оны қызықты өткізуге мүмкіндік жібермеу керек”
Блез Паскаль француз математигі
№1.слайд Математикалық диктант
Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.
1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары… деп аталады.
2) Параллелограмның қарама-қарсы… тең болады.
3) Тік төртбұрыштың … тең.
4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5) Барлық қабырғалары тең… квадрат деп аталады.
6) Трапецияның … табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.
№2.слайд «Постермен жұмыс»
а) Өмірде кездесетін төртбұрыштар туралы айтып,сызып беріңдер
Тікбұрышты үшбұрыштың қиындыларынан төртбұрыштың түрлерін жасау
б) Төртбұрышты фигураларды пайдаланып, сурет салу немесе макет жасау.
№3.слайд «Кім жылдам?»
№1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар.
№2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар.
№3. Ромбының бір бұрышы 50 0 –қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең?
№4 слайд Кері байланыс
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
“ 0 – 14” – 3
“ 15 – 26” - 4
“ 27 – 34” - 5
Сабақты қорытындылау:
Рефлексия
Үй тапсырмасы: Төртбұрыштың түрлері мен қасиеттерін қарастырып келу;
Бағалау
|
Оқушылар сәлемдеседі, өзара мұғаліммен көңіл күйімен бөліседі, жылы лебіздер айтады бір-біріне
Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.(алдарында критериялар тұрады)
Оқушылар өткен білімді еске түсіреді.
Әр топқа кубик лақтырылады сұрақтарға топ жылдам жауап беру тиіс.
Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын, мақсатын ашады
|
Жақсы, жарайсын, смайликтер
Бір бірін бағалайды
Сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық, қиындылар флипчарт, маркерлер,қайшы,сызғыш
Түрлі түсті қағаздар
слайд
|
Достарыңызбен бөлісу: |