1 аудиторлық Қызметтің теориялық негіздері


Курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/12
Дата11.05.2020
өлшемі71,4 Kb.
#67114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
аудит посл

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда, Қазақстанда аудиторлық тексеру жүргізілмеген ұйымдарда бухгалтерлік және салық заңдылықтарын бұзу тәуекелі көтерілуде, олар бюджеттің салық төлемдерінің бюджетке түсуінің азаюына алып келеді. Аталған жағдаялар аудиторлық қызметті жүзеге асыру проблемаларын зерттей түсудің өзектілігін дәлелдей түседі.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:



  • осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;

  • қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;

  • ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;

  • ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.

Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.

Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Және 1993 жылы аудит «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.

Қазіргі уақытта аудиторлық қызметті реттеудің жеткілікті тұтас жүйесі қалыптасты, ол 2006 жылғы 5 мамырда қабылданған өзгерістерімен «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң), «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңын қоса алғанда бірқатар нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Алайда, осыған қарамастан, аудиторлық кәсіпті жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет