Тәжірибелік сабақ 2.
1. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары (эссе).
2. Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарысы (ғылыми жоба).
3. Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі (ғылыми жоба).
Әдістемелік нұсқаулық
Тапсырманы орындау үшін ұсынылған тақырыптарын бірін таңдау керек. Бірінші тақырып эссе түрінде орындалады. Екінші және үшінші – ғылыми жоба түрінде.
Тапсырма 3 аптаға есептелінген. 1-2 апталар – консультациялар және тапсырманы тұсаукесер (презентация) түрінде рәсімдеу. Орындалған тапсырманы қорғау үшінші аптада өткізіледі.
Барлық орындалатын шығармашылық жұмыстар плагиатқа тексерістен және on-line тәртібінде қоғамдық қорғаудан өтеді.
Эссе жазу бойынша жадынама
эссе жазуға ұсынылған барлық тақырыптарды (афоризмді) мұқият оқыңыз;
бірнеше талаптарға жауап беретін тақырыпты таңдаңыз: а) сізге қызықты; б) берілген афоризмнің мәнін түсінесіз; в) алған тақырып бойынша айтарыңыз бар (терминдерді білесіз, мысал келтіре аласыз, жеке тәжірибеңіз бар және т.б. );
берілген афризмнің «қолдау» және «қарсы» аргументтерді жазыңыз (егер сіз таңдаған афоризмнің «қолдау» және «қарсы» аргументтері болса, онда эссеңіз полимикалық мазмұнда болуы мүмкін);
әр аргументке өмірден, жеке тәжірибеңізден және т.б. мысалдар, фактілер, жағдайлар таңдаңыз;
ойлаңыңыз, эссе жазу тілі қызықты, тартымды болу үшін қандай әдеби қолданыстарды пайдаланасыз (салыстырулар, эпиттетер және т.б.);
жинаған аргументтер мен контраргументтерді ретімен орналастырыңыз (бұл сіздің шартты жоспарыңыз болады);
өзіңіздің көзқарасыңызды өзіңізі жоспарлаған ретімен жазыңыз;
жұмыстың жалпы қортындысын жасаңыз.
Эссе жазған кезде неге назар аудару керек?
1. Тарихи білімде, физика немесе математикадан сияқты, сұрақтарға толықтай «дұрыс» немесе «бұрыс» жауаптары жоқ екенін ескеру керек – тек аргументталған көзқарастар бар.
2. Эссе үшін қорытынды баға (балл), әдетте, оқушылардың идеялары, өзіндік пікірлері мен дәлелдемелері үшін қойылады.
3. Өз көзқарасыңызды алға тартыңыз.
4. Қасқа, нақты, түсінікті жазылған жұмыстар жеңеді.
Эссе жазу кезінде неден аулақ болу керек?
Алған тақырыптың мәнің түсінбеу.
Жазуда құрылымдық жүйенің болмауы.
Негізгі сұраққа жауап бере алмауы (тақырыптан ауытқу).
Аргумент орнына риторика қолдану.
Деректерді абайсыз қолдану, сонымен шамадан жалпылау.
Аналитикалық материалмен дәлелденбеген сипаттау бөлімінің көп болуы.
Басқа авторлардың идеяларын жазған кезде оларға сілтеме жасамау және өз көзқарасын білдірмеу.
Қажетсіз қайталаулар.
Ғылыми жоба жазу бойынша жадынама.
Жеке жобамен жұмыс істеу сәтті болу үшін оны іске асырудың кезектілігін сақтауыңыз керек:
Ұсынылған тізімнен жеке жоба тақырыбын таңдау.
Жоба тақырыбы бойынша қажетті материалды таңдау және зерттеу (кітаптар, анықтамалар, интернет-сайттар, мақалалар және т.б.).
Пайдаланған әдебиет тізімін құру.
Жұмыс құрылымын анықтау (жоспар құру).
Жеке жоба тақырыбының қажеттілігін дәлелдеу.
Жұмыстың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін рәсімдеу.
Қосымшаларды дайындап рәсімдеу.
Титул парағын рәсімдеу.
Жетекшіңізге жұмысыңызды тексеріске ұсыну (орындау барысында бөлімдерін немесе сұрақтар болған кезде ұсыну).
Тұсаукесерді (презентация) дайындау.
Жеке жобаны қорғауға дайындалу.
Достарыңызбен бөлісу: |