Сабақтың тақырыбы: html- программалау, интернет үшін ақпараттық обьектілерді құру құралдары. Web-беттер және сайттар



Дата05.06.2017
өлшемі73,93 Kb.
#18072
түріСабақ
Сыныбы  11 «А»       Күні 16.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: HTML- программалау, интернет үшін ақпараттық обьектілерді құру құралдары. Web-беттер және сайттар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Интернет үшін ақпараттық обьектілерді құру құралдарымен таныстыру. Web-беттер және сайттар құру тәсілдері.

Дамытушылық:  Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелілік:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекіліктер: ақпараттық диктант,бақылау сұрақтары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу



Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жоба қорғау кезінде кездескен қиындықтармен жұмыс жасау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Web – бет үшін бастапқы HTML – кодты текстік редактордың көмегімен көруге және редакциялауға болады. бұл үшін ІЕ терезесіндегі бетті қараңыз және Түр менюінен HTML Түрінде командасын таңдаңыз. Нәтижесінде текстік редактордың терезесі ашылады. Онда бастапқы HTML – коды бейнеленеді. Текстік редактордың түрі пайдаланылатын жүйемен анықталады. Wіndows – пен жұмыс істеместен бұрын, бұл блакнот қосымшасы болады.
URL – интернеттегі қорлардың ақпараттық тікелей көрсеткіші.
Біз жоғарыда интернетке қосылған әрбір компьютерде белгілі бір символдарға сай келетін (домендік есім) немесе ұсынылған немесе цифр комбинациясы (ІР - адресі), сияқты өзінің бірден - бір адресі бар. Бірақ та бұл ақпарат жеткіліксіз, компьютерде нақты құжат табу үшін, белгілі каталогта файл күйінде сақталған болатын. Бізде белгілі, керекті файлға кіру үшін оған қарай сілтеу керек
Web – бетті толтырған соң оның көшірмесін сіздің компьютеріңізде сақтауға болады. Шынында, Web – серверде орналастырылған, толтырылған беттің көшірмесін редакциялаудан бұрын өзгертулер беттің өзіне енгізілмейді. Іnternet Explorer амалымен редакциялауды толтыруға немесе документ құруға болмайды. Егер ІЕ мен жұиыс істеу алдында Wіndows үшін файл менюінен Басқару командасын таңдап алу керек. Сонда берілген редактордың жасырған HTML - кодының терезесі ашылады (мысалы, Frontpage Express). Күнделікті бет жаңа терезеде бейнеленеді. Осы терезеде редакциялай аласыз. Егер сіз документте Web – беттің бөлігін ғана пайдаланғыңыз келсе, Іnternet Explorer терезесінде оны тышқанның көмегімен шығарыңыз. Сосын Басқару менюінен Көшіру командасын таңдаңыз. Осыдан кейін документті ашу керек. Бұған міндетті түрде

Web – беттен берілгендерді қосу керек және оған көшірілген ақпаратты қою керек. Кез келген сөзді, сөйлемді немесе сөйлемшені сіздің алдыңызда ашылған Web – беттен табу үшін Басқару менюінен осы беттен іздеу командасын таңдап алыңыз немесе CTRL + F клавишасын басыңыз. Нәтижесінде іздеу диалогтік терезесі пайда болады. осы терезенің Табу алаңына керекті ақпаратты енгізіңіз. Және сәйкес келетін опцияларды қойыңыз. Егер сіз Тұтас сөз опциясын қойсаңыз, онда ІЕ іздеу критериясы ретінде тапсырылған сөздің бөлігін бейнелемейді. Мысалы, егер іздеу критериясы ретінде кітап сөзін көрсетпек, ІЕ кітаптың немесе кітап сүйгіш сөзін шығармайды. Егер Регистрдің есепке алуымен опциясын қойсаңыз, онда ІЕ тек қана жолдарды таппайды, бас және кіші символдарды да табады. Бас және кіші символдар Табу алаңында шығады. Мысалы, егер интернет шығарса, ІЕ интернет немесе интернет сөзін шығармайды. Іздеу бағытының тапсырмасы үшін Жоғары немесе Төмен операцияларын қойыңыз. Іздеуді бастау мен сәйкес келуді тапқаннан кейін жалғастыру үшін Тағы басқаларын Табу кнопкасын басыңыз.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.



HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>)символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздерорналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқағана әсер етеді. Сондықтан да  ашылатын және жабылатын – жұп тегтерқолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, алжабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы:

1)барлық құжат  тегімен басталады да,  сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;

2)HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі   және  - тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;



3)</b>  және <b> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;

4)Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет