Сабақтың тақырыбы : Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі284,02 Kb.
#27490
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ 19 Сыныбы 5 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор

интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қарапайым мәтіндік редакторымен, редактор интерфейсімен таныстыру, мәтіндік редакторды іске қосуды, абзацты қоюды, шағын мәтін теруді үйрету барысында білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтіндік редактормен жұмыс жасау арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Болжамдап отырған нәтиже: Оқушылар мәтіндік редактормен жұмыс жасай алады, мәтіндік редактордың терезе элементтерін біледі, шағын мәтін тере алады.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, компьютер, үлестірмелі қима қағаздар, плакаттар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

    1. «Миға шабуыл». Сұрақ-жауап

    2. Семантикалық карта

ІІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

    1. «Интервью» стр

4.2. Мұғалім түсіндірмесі – Кітаппен жұмыс

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Мағынаны ажырату

4.1. Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау

4.2. Деңгейлік тапсырмалар

V. Жаңа сабақты қорытындылау

5.1. Сұрақ – жауап – жұмысы



VI. Сабақты қорытындылау және оқушыларды

бағалау

Ой толғаныс

6.1. Венн диаграммасы

VІIІ. Үй тапсырмасы


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

2.1.«Миға шабуыл». Сұрақ-жауап жұмысы

1. Графикалық редактор дегеніміз не?

2. Paint сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

3. Paint қандай графика?

4. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар

қажет?


5. Палитрада қанша түс бекітіледі?

6. Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?

7. Paint программасын қалай іске қосамыз?

8. Paint графикалық редакторында қанша құрал-сайман бар?

9. Ізі бар көшірмені жасау үшін қай пернені басу керек?

10. «Трансформация» сөзі латын тілінен қалай аударылады?



2.2. Семантикалық карта




тік бұрыш

қалам

құю

түзу сызық

өшіргіш

ерекшелеу

масштаб

жазу



















































































































































































































IІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

    1. «Интервью» стратегиясы (оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою)

    2. Мұғалім түсіндірмесі – кітаппен жұмыс

Біздің әрқайсымыз қандай да бір жазбаларды тұрақты орындаймыз: сендер үй тапсырмасын орындайсыңдар, хаттар мен хабарламалар жазасыңдар, кейбіреу өлең жазады және т.с.с. барлық сөздерді анықтағанша қаншама уақыт өтеді. Қайсыбір сөзді қате оқуың да мүмкін. Нәтижесінде – мәнін қате түсінесің. Ал қажет мәтінді табу қандай қиын!

Арнайы программалардың – мәтіндік редакторлардың – көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады. Компьютерде мәтінмен жұмыс істеу өте ыңғайлы:



  • Мәтін – сақтау үшін аз орын талап етеді;

  • Керек емес мәтіннің орнына жаңасын оңай жазуға;

  • Мәтінді оңай көшіруге, жөнелтуге болады.

WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • Құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер – мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ бaолып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробелы) ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ – сөз жол – абзац – бет – мәтін.

Абзацтар бір-бірінен арнайы «абзац соңы» символымен ажыратылып жазылады.

Абзацтың ең белгілі қасиеттері:



  • әріптің гарнитурасы, кескін сызығы (начертание), мөлшері;

  • мәтінді түзеу тәсілі;

  • шегіністер мен интервалдар.

WordPad мәтіндік редакторы терезесінің элементтеріне сызғыш қосылады.



Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет