Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушылардың МӘтіндік, дыбыстық ЖӘне тәрбиелілік: Дамытушылық



Дата08.09.2017
өлшемі207,04 Kb.
#30331
түріСабақ
14 сабақ

Сыныбы:_____________________ Күні: ___________________________________

Мұғалімі: __________________________ Тексерген: ________________________
Сабақтың тақырыбы: МӘТІНІК, ДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ

АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ . МӘТІНДІК және ДЫБЫСТЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ. ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың МӘТІНДІК, ДЫБЫСТЫҚ ЖӘНЕ

Тәрбиелілік: Дамытушылық:
Сабақтың түрі:

ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ, МӘТШДІК және ДЫБЫСТЫҚ АҚПАРАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫЛУЫ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, графикалық объектілермен орындалатын операциялар, түс және палитра компьютерлік графиканың

қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

Жан-жақты болуға, өз бетімен жүмыс істеуге тәрбиелеу;

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.



Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум, тақта

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.



  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Тапсырмаларды орындау

  4. Үйге тапсырма


Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)

  2. Антивирустық программалардың негізгі типтерін атаңдар.

  3. Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атап шығыңдар.

  4. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

  5. Файлдарда архивтеу не үшін қолданылады?

  6. Архивтік файл дегеніміз не?

  7. Қандай архивтер кеп томды деп аталады?

  8. Архивтен алу дегезініміз не?


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтіндік дыбыстық жөне графикалық ақпараттардың ұсынылуы

Мәтіндік режімде, әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясына арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде монитордың экранына жалған графика символдарынан құрастырылған қарапайым суреттерді және мәтіндерді шығаруға болады.



Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін АSСІІ коды қолданылады. Компьютерге мәтіндік символды енгізгенде, мысалы, «А» пернесін басқанда, жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі. Символды экранға шығарғанда кері кодтау (декодталу) жүргізіледі, яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.

Дыбыс өз табиғатында ауа тербелімі болып табылатын үздіксіз сигнал.

Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдер мен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электр тобының тербелісіне айналады.

Бірдей, өз уақыт аралығы (0,00002с) сайын элекрт тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін - бірлік, төмен мәнін 0 деп есептейміз әрине , бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады). Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.



Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүреді, екілік кодтар жины электр импульстеріне айналдырылады да, динамика арқылы өткізіледі, сонда біз дыбысты естиміз.

Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар, яғни компьютер мәтінді «оқи алады».

Адамның сөзін қарапайым дыбыстар (фонемалалар) тізбегі және олардың арасындағы паузалар (үзілістер) түрінде ұсынуға болады. Мысалы, қазақ тілінде 42, орыс тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.



Әрбір фонеманы кодтауға, компьютердің жадына енгізуге және сақтауға болады. Енді компьютер енгізілген мәтінді фонема түрінде ұсынуға түрлендіре алады. Оны адам сөзінің фонемалық түрде ұсынылған үлгісімен салыстыра отырып, компьютер синтезатор (сөзді дәл дыбыстайтын құрылғы) арқылы оқиды.

Ақпаратты компьютерге дауыс арқылы енгізу - компьютердің жадына алдын ала енгізілген, сөздіктерден алынған жеке сөздер деңгейінде кодталған адам сөзін ажырата білудің қиындылығымен ерекшеленеді.




Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық, бейне деректерді өндеуге арналған арнайы редактор - программалар бар.


Графикалық ақпарат туралы тусінш

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлінген, олардың саны монитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы, VGA типті экран үшін 16 түсті болғанда, көлденеңінен - 640; тігінен - 480 нүкте. ал 256 түсті болғанда, көлденеңінен 320; тігінен - 200 нүкте) болады.

Мониторлар базалық түсінің түрлері 16 стандартгы түсті болады және ол келесідей 4 элементпен: түстің үш құраушысы: қызыл, жасыл, көк. жарыктанудың мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады. Терт құраушысының әркайсысының бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі. Мысалы, егер компьютерлерге EGA мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады. 4 битке көбейту керек: 640*350*4=112000 (байт) =110 (Кбайт).



Компьютер графикалық ақпаратпен, мысалы, суретпен жұмыс істегенде, сандар жиынымен жүмыс істеген сияқты болады.




16x16=256 пиксел

Әр пикселді сацтау үшін 1 бит кажет

Кескіннің мөлшері = 256 бит

256 бит = 32 байт
Бұл былай түсіндіріледі: сендерде ақ - қара фотосурет бодсын. Оны саны жиыны түрінде үсыну («цифрландыру») үшін оған тік бұрышты тор салынуы керек. Тор түйіндерінін карайған жерлері түскен түйіндерін бірлікпен. ал іиыж " жерлерге түскен түйіндерін 0 - мен белгілейміз. Сонда сендер 0-дер мен біріктірілген құралған

тікбұрышты кесте аласыңдар. Енді осы кестені компьютерге енгізсек. компьютер бірдің орнына кара нүкте қойып, оны экранға шығарса, онда біз экраннан ізделініп отырған кескінді көреміз. Әрине, жакындатылған түрде. Тор қаншалықты жші болса, кескін де соншалықты нақты болып шығады. Мысалы, егер сендерде 480*640 тор болатын болса, онда сендер 307200 нолдер мен бірліктердің, яғни екілік біліктерден тұратын кесте аласыңдар немесе оның ақпараттық көлемі 307200 бит =38400 байт= 37,5 Кбайтқа тең болады.


Ақ - қара кескіннің нүктемен көрсетілген әрбір нүктесі 1 бит ақпарат болады



Компьютерлік кескіндер
Түрлі түсті кескінмен жұмыс істегенде бұл басқаша болады. Мұнда кескіннің бір
нүктесін сипаттау үшін төрт екілік разряд: үшеуі - нүктені құру үшін (әдетте, кез келген
үш түстің, яғни, қызыл, жасыл, көк түстердің араластырылуы RGB ретінде қарастыруға
болады), біреуі - нүктенің жарықтығын көрсету үшін қажет. Әрине, 480*640 торда түрлі
түсті сурет ақ-қара суретке қарағанда, едәуір үлкен ақпаратты көлемді қамтиды:
480*640*4=1228800 (бит) =153600 байт=150 Кбайт


РАСТРЛЫҚ

ВЕКТОРЛЫҚ



Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютер жадында ұяшық сәйкес келеді. Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа енгізілетін элементтер саны экранның графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің саны сәйкес болады.

Кәсіптік деңгейдегі графикада СоrolPhoto, PhotoFinish, Adobe Photoshop сияқты қуатты қосымшалар қолданылады. Бұл қосымшалардың көмегімен ескі фотосуреттерді қалпына келтіруге (бастапқы қалпына келтіруге, жаңғырту (реставрациялық) жұмыстарын да жүргізуге), фотосурет ретуштеуге, кескінің ақауланған жерлерін түзетуге, кескінді әдемілейтін және толықтыратын көптеген әрлеу (көлеңкесін түсіру, қатпарлар келтіру, мөлдір фон және т.с.с.) жасауға болады.



Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады. Егер машиналарыңа сканер қосылған болса, онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып, оларды дискіде растрлық кескін түрінде сақтауға болады. Сканер суретті «суретке түсіреді» де, оны «цифрланаған» нүктелер жиыны түрінде көрсетеді. Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.

Ақ-қара фотосуреттер, әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда, сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.



Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген белігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға немес басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі; растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен (бір немес бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы,

кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғүрлым көп және сапасы жоғарыы болған сайн, соғүрлым үлкен болады).

Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық суреттер көркем графикада кеңінен қолданылады.









Кескін салудың вектрлық түрі де бар, мұнда кескін элементтері нүкте түрінде емес, әріпті - цифрлық (математикалық формулалар жиынтығы) ақпарат түрінде беріледі. Кейіннен бастапқы кескінді салу үшін бүл ақпарат арнайы программаларда еңделеді.

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жағынан тұратын кескіндер.




Мысалы, сызба. Компьютерлерге оларды сипаттаушы параметрлердің мәнін енгізуге болады:

Кескінді үшін оның екі нүктесінің координаттарын;

Шеңбер үшін центрінің координаттары мен радиусынын үзындығьш:

Доға үшін доғаның басы мен соңының, центрінін және радиусының координатал арын;

әрбір сызық үшін оның типі жіңішке, штрихталған. пунгіир және т.с.с көрсетіледі.

Векторлық кескіндер векторлық графикалық редакторларда жасадады. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны, сонымен қатар Windows -та жұмыс істейтіндері СогеlDRAW пен Місrоgrаfx Drаw болып табылады. Жұмыс істегенде сегменттер мен аймақтардың барлық мүмкін математикалық сипаттамалары, бекітілген белгілері, бағыттаушы нүктелері және т.с.с қолданылады.

Векторлық кескіндер кәсіби СоrelDRAW, Adobe illustrator, FreeHand және т.б. қосымшалары пайдаланылып өңделеді.

Растрлық графикалық редактордың артықшылығы - векторлык графикалық редактордың кемшілігі болып табылады. Мысалы, векторлық кескінді оңай масштабтауға, яғни оның өлшемдерін бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу арқылы өзгертуге болады.

Векторлық графиканың қолданылу саласы өте кең:

- біріншіден, ол компьютерлік полиграфияда өте үлкен рөл атқарады. Оңай

масштабталатын және баспа өнімдері мен бейнематериалдар да қолданылатын

жүздеген түрлі түсті сурет (адамдардың, заттардың бейнесінен бастап, оюлар мен әшекейлерге дейін) векторлық әдіспен түсіріледі;

- екіншіден, векторлық әдіс конструкторлық және ғылыми жұмыстардағы компьютерлік сызу автоматтандырылған жобалау жүйелерінде, үшөлшемді графикада жэне т.с.с. таптырмайтын әдіс болып табылады.

Көптеген қосымшалар (мысалы, Adobe Photoshop) кескін өңдегенде векторлық және растрлық әдістерді белгілі мөлшерде үйлестіріп қолдануға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика растрлық пен векторлық болып қана қоймай, фракталдық болып та бөлінеді.



Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есептеулерге негізделген.

Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.

Компьютерлік графиканың қолдану салалары

Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.



Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.

Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті -объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нэтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде жэне олардың нэтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Білім беруде - мультимедиалық программалық қүралдарда.

Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жүмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру қүжаттарын, статистикалық мәліметтерді - міне, осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бүл график, диаграмма) жасалады. Білім беруде компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік оқу программаларында, сондай-ақ Internet беттерінде қолданылады.

Іскерлік графиканың программалық құралдары, әдетте кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді, олармен біз кейінірек танысамыз.



Көркемдік жөне жарнамалық графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейнесабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны (қозғалатьш объектілер) қабыстырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.

Растрлық

Paint

Adobe Photoshop

Векторлық

CorelDraw

Macromedia Flash MX

ГР встроенный в Word

Графикалық программалар


Практикум: 7.1,7.3, 7.5, 7.7 тапсырмалар
Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?

  2. Компьютерде мәтіндік жэне графикалық ақпарат қалай ұсынылады?

  3. Графикалық ақпараттың қандай түрлері бар?

  4. Пиксель деген не?

  5. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігін атандар.

  6. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігін атаңдар.


Үйге тапсырма беру. Практикум: 7.2, 7.4, 7.6, 7.8 тапсырмалар

Оқулық: 7-бөлім (МАЗМҰНДАУ).

Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет