2. Қазіргі заманғы нақыштағы ою-өрнектер туралы айтып беріңіз.
2. Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздерді бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім – кешекке, түскитізге және т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме – дәлдігін сақтамай –ақ, көзбен мөршерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар.
3. Ою-өрнектің технологиялық өңдеу тәсіліне тәуелділігі туралы айтып беріңіз.
4. Бізбен тоқудың түрлерін айтып беріңіз.
4.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: |