1. Қазақ халқының символына айналған ою түрін атаңыз


Кебістің орындалу жолдарын айтып беріңіз



бет8/8
Дата11.09.2023
өлшемі460,42 Kb.
#180759
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1) 1 деңгей

10. Кебістің орындалу жолдарын айтып беріңіз
10. Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Тігілуіне, жайпақтығына қарай көксауыр кебіс, шоңқайма кебіс, шекшек кебіс деп атаған. Жайпақ кебісті ер адамдар киген. Көксауыр, шоңқайма, шекшегібар кебістерді қыз-келіншектер киетін болған. Бұрын кебісті галош орнына киген. Басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан жасаған, биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен әшекейлеп, шажамайы мен өкше сірісін, тұмсығын сыздықтап күміс, зер жіппен әдіптеген. Кебістің қарт кісілерге арналған шолақ қонышты жайтабан, кең ауыз деп аталатын түрлері де бар. Ер адамдарға арналған кебісті көннен немесе қалың былғарыдан түзу табан етіп тігеді, өкшесі биік болмайды. Әдетте, еркек етіктері мен кебістерінің өкшесіне темірден нәл қағады. Әйелдерге арналған кебістер түрлі түсті жұқа былғарыдан тігіліп, биік өкше қағылады, әрі түрлі жібек жіптермен кестеленіп көркемделеді. Мұндай әсем кебісті ұзатылатын қыздарға арнап жасататын болған. Кебісті, әдетте, ерлер де, әйелдер де мәсімен киеді. 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап кебістің түр-сипаты өзгере бастады. Өкшесіне бірнеше қабат ұлтан салынып, шегеленетін, тұмсығы домалақтау етіп жасалатын болды. Қазір сапиан терілерден ою-өрнек салып, зерлеп, лактап тігілген кебістер кездеседі.
Кебіс тігу – арнаулы қалыптан шыққан былғарыдан, көннен ине-жіпті пайдалана отырып қонышсыз аяқкиім тігу. Адамдардың жастарына қарай К.-тің де арнаулы қалыптары болады. К.-тің басы жұмсақ былғарыдан, та- баны мен күлшіні, шажамайлығы қатты ұлтаннан пішіліп тігіледі. К.-ті пішу, ұлтарып тігу, оның өкшесін салудың барлық әдістері де етіктің басын тігумен бірдей. Бірақ К.- тің ернеуі астарланып, шеті сыздықталады да, өте жіңішке тарамыспен екі қатар қайылып отырады. К.-ті етік сияқты мол, кең етіп тікпейді. К.-ті былғарысын жібітіп, қалыпқа түскен соң қатты тартып, ыспалай отырып қатырады.
Шажамайдың астары мен күлшіннің аралығына желім құйып қатайтады. Шажамайдың, күлшіннің сырты жұмырланып тұрады.
К.-тің өкшелігі мен ернеуінің арасы, яғни шажа- майы жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін К.-тің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шы- мыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Аяқтан түсіп қалмауы үшін оны тереңдеу етіп, үстін молырақ шығарып тігеді. К.-тің былғарысын оюлап құрап, кестелеп, оның ернеулерін кепсерлеп, өкшелігіне мық (басы бүркеншікті әшекейлі шеге) қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып немесе түрлі тігіс өрнектерімен әшекейлейді.
Кейбір К.-тің өкшесіне үшбұрышты қайың шегеленіп бекітіледі де К.-пен бірге тігіледі. Мұны батқы неме- се тіреме деп атайды. Қырынан қарағанда, батқы К.- тің өкшесінде бұлтиып көрініп тұрады. Ол атты тебініп жүргізу үшін жасалады. Батқылы К.-тер қазір тігілмейді, мүлдем ұмытылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет