1. ҚАзақ тілі сөздері және олардың ТҮрлері мен ерекшеліктері


ІІ ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНА ӘР ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС



бет3/4
Дата11.04.2020
өлшемі427 Kb.
#62264
1   2   3   4
Байланысты:
Орфография
Орфография

ІІ ОРФОГРАФИЯ МЕН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНА ӘР ТҮРЛІ КӨЗҚАРАС
Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде , тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы принциптерге сүйейді, оларды негіз етіп алады. Ол принциптер: Фонематикалық , фонетикалық, этимологиялық, дәстүрлі – тарихи, иероглиф принциптері. Фонематикалық принцип: Әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан, өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір ғана әріппен белгіленеді; ( дуб –диба, плод- плода);

Фонетикалық принцип: Сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуы ақталып жазылады;( жаздыгүні, қыстыгүні);

Этимологиялық принцип: Сөздің шығу тегін сақтап, жазуға негізделеді; (лодка деп жазады , айтылғанда лотка);

Дәстүрлі – тарихи принцип: Тілдің ерте кезде жазу дағдысына негізделеді, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауын көздейді. ( помощник деген сөз помочь деген сөзден жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жазылады.

Морфологиялық принцип : Жазу сөздің түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Бұл принцип дыбысталудағы ерекшеліктерді ескермейді , сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап, жазуды басшылыққа алады.

Иероглиф принципі: Біркелкі дыбысталатын сөздерді , яғни омонимдерді жазуда бір – бірінен ажырату үшін қолданылады. (бал – балл) Бұл принциптері дифферентальды принцип деп те атайды. [18, 56]

Қоғамдық қатынас туралы ретінде бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл – тілдің өмір сүруінің , қызмет етуінің ерекше формасы. Ол халық тілінің нормаға түскен , өңдеуден өтіп, сұрыпталған ең үлгілі формасы. Әдеби тіл әр түрлі ауытқулардан арылып отыруы қажет. Қазақ әдеби тілінің ауызша және жазбаша деп аталатын бір – бірімен тығыз байланысты екі формасы бар . Әдеби тілдің ауызша формасы өз кезегінде маңызды артып отырса, қоғамның әлеументтік , мәдени дамуы тәрізді қолайлы жағдай жазба тілдің рөлін өлшеусіз өсіре түседі.

Орфография алдымен , сауатты жазудың , ана тілін мәдени меңгерудің маңызды құралы. Ондай құрал тілдің құрылымдық жүйесіне лайық , пайдалануға неғұрлым лайық, дұрыс бейнелеуі тиіс.[35, 123]

Жазу – сызуда қиындықтар болмас үшін орфографияны тілдің құрылым жүйесіне лайықтап, ондағы өзгерістерді бейнелейтіндей етіп, жазу нормаларына эвалюциялық саязатқа сәйкес, кеңес дәуірінде көптеген орыс тілі сөздерінің игерілмей алынуы , өзіміздің төл сөзіміздің өзін жазуда қалыпты ереже жасай алмауымызға алып келеді.

Қарама – қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфографиялық заңдылыққа орай, бір – бірімен ұласа айтылып, бір – біріне ықпал жасап, әр түрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елемей, тілдік дыбыстарды нақты айтсақ, сөздің дыбысталуындағы тұтастығы бұзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылыстың бәрі жазуда еленбейді.

Қазақ орфографиясында біраз қиындылықтар бар: –нг – немесе –ңг- арқылы таңбаланатын сөздер : інген –іңген ,кеменгер - кемеңгер, жауынгер – жауңгер, шенгел- шеңгел, әменгер - әмеңгер . Бұл типтес сөздердің жазуда қазақ емлесі ( жауынгер, дүнген, монғол тәрізді бірер сөзді еске алмағанда ) ң варианты түрінде жазуды ұстанған.

Жазылуы мен айтылуы сәйкес келе бермейтін әр түрлі сөздер бар: шай- шәй, жайлау- жәйләу, тілмаш – тілмәш тағы басқа.

Қазақ графикасы фонемалық принципке негізделген жәйттер аз емес. Сондықтан шай , жай тәрізді сөздерде дауысты негізгі реңкі «а» бойынша жазылады. 3) Орфографиялық сөздікте: күнә, кінә сөздердің қосымшаларымен жуан вариант түрінде түрленетіндігі көрсетілген : күнә +ға , күнә + дан тағы басқа. Ал баспасөз беттерінде бұл ереже сақталып та , сақталмай да , бірде жуан , бірде жіңішке күйде жазылып жүр. [22, 89]

М. Уәлиев бұл сөздердің күнә, кіна мүман түрінде , яғни фонемалық негізгі реңкіне орай таңбалау орынды деп білді. Сөздерді бірде фонематикалық ыңғайда, бірде фонетикалық ыңғайда жазу – орфографияны қиындата түседі.

4)Кіші қиындық бірінші буында «ү», «і», дыбыстары, ал екінші буында палаталданған «а» кездесетін сөздердің жазылуына қатысты. Бұл сөздерде «а» дауысты бірде, «ә» , бірде «а» әрпімен таңбаласып жүр.Салыстырайық: шүбә, кінә, мүләйім , ділда, тілмаш, ділмар, саяр еді . Әрине «ә»- мен жазу бірізділікке саяр еді, өйткені палатал «а» - ның бұлайша екі түрлі таңбалануында негіз жоқ.

5)Бейүндес буын жіктерінде қысаң «ы», «і» дауыстыларының таңбалануымен таңбаланбауы қазақ орфографиясындағы қиындықтардың бірі. Мысалы: рахмет – рақымет, қызмет – қызымет, үкмет – үкімет , лағнет – лағынет тағы басқа. Қазіргі орфографиялық сөздіктерде бұл тәрізді сөздер бірде қысаң «ы», «і» мен жазылса, кейбірі рақмет , қызмет түрінде жазылады. Мамандар бұны орынды санайды.

6) Қазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалҚазақ орфографиясындағы елеулі қиындықтардың бірі түбір сөзге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөзін соңғы буындағы қысың дауыстының түсіріліа немесе түсірілмей жазылуы. Мысалы: ауыл- аулы ( ауылы), ерін – ерні ( еріні ) , иық- иығы ( иғы ) тағы басқа . Бұл сөздерде мағынаның бұзылу және бұзылмауын тірек етіп, жазған дұрыс. Мсыалы: халық- халқы деп айтуға болады, « халығы » деп айтуда семантикалық қарсылық пайда болып тұр. Семантикалық қарсылыққа ұшырамайтын сөздер: мойын- мойны( мойыны емес) , ауыз- аузы( ауызы емес), көрік – көркі ( көрігі емес) тағы басқа. Семантикалық қарсылыққа ұшырайтын сөздер: ауыл – ауылы( аулы емес) , көңіл – көңілі ( көңлі емес) , бауыр – бауыры ( бауры емес) .

7) Қазақ тіліндегі сөз бен буынға ортақ бір заңдылық- сөздің «р» , «л» сонарларынан басталмауы. Мысалы: (ылақ) лақ, (ылайық) лайық, ( ірең) рең.

Топырақ, жапырақ , қоңырау тағы басқа сөздерін топрақ, жапрақ,қоңрау деп жазуға, сәурік емле , мемлекет сөздерін сәуірік , еміле, мемілекет түрінде жазуға тіл шындығы жібермейді, яғни, кез келген сонорлы буынның алдынан ы «ұ»,і «ү» қысыңдарын жаза беру ақиқатымен үйлеспейді. «Ң» сонорынан кейін р,л дыбыстары келетін болса, көмекші естілгеніне қарамастан олардың селбеспелі дауыстылар арқылы қолдануы міндетті . Мысалы: шаңырақ, төңірек, саңылау тағы басқа.

8) Қазіргі қазақ орфографиясындағы бірсыпыра сөздердің әліптемесі ашық буынды азайту тенденциясына сәйкес келеді. Мысалы: қызмет ( қызымет емес), жаднама (жадынама емес) , құрмет (құрымет емес) , сахна ( сахына емес) тағы басқа.

9) Сөз аяғындағы дауыстыны түсіріп немесе түсірмей қолдануға байланысты әртүрлі жазылып жүрген сөздер бар. Мысалы: таразы – тараз, бағана – баған, көке мылжың- көк мылжың , тәңірі – тәңір, замана – заман тағы басқа.Бұлардың пайда болуы бірнеше түрлі құбылысқа байланысты.

1) Ашық буынның шектен тыс шоғырлануы : бидайы – бидай;

2) Кейбір жарыспалы сөздердің, мысалы, бағана – баған , түркі –монғол тілдеріне ортақ сөздер.

3) Өзге тілден екі түрлі тұлғада енген сөздер,мысалы, заман – замана ,парсы тілінің көптік тұлғасының сөзі.

4) Орыс тілінен енген кейбір сөздердің екі түрлі қолданылуы, мысалы, идеом – идеома, сигарет – сигарета , газет – газета .

10) л, д дыбыстарының алмасуы құбылысынан екі түрлі жазылып, қиындық тудыратын сөздер , мысалы, маңлай- маңдай, ақталай- ақтадай, жылылай – жылыдай тағы басқа. Сөздіктерде «д» варианты берілген , кейбір нормалаушы сөздіктерде кейбіреулерінің «л» вариантты сөздер берілген : жылылай, аңталай тағы басқа. Ал кейбір сөздікте «д» варианты да «л» варианты да ұшырасады: жылылай, тірілей, тірідей тағы басқа.




    1. Сөздердің орфографиясындағы қиындықтар:

кіріккен сөздердің емлесі
Ескерілетін бір жай – жеке сөздің жазылуындағы кейбір алалықты жою. Буын жылысу құбылыстарының да қатысы барлығы, алда да ол процесстердің болатыны сөз болды. Ендеше , бұл жазуда да елеп – ескерілуі қажет. Мәселен, Алматы , Қандағаш, Қараспан тәрізді буын ығысуы бойынша бастапқы компоненттің соңғы дауыстылары «а» , «ы» фонемалары түсіріліп жазылып та жүр, дәл осындай жолмен кіріккен өлара, алтатар сөздерітүбірі сақталып, өліара, алты атар түрінде жазылуда.

Редукция құбылысы бойынша кіріккен келсап сөзі бастапқы компоненттің соңғы дауыстысы «і» -нің екпінінен айырылып түсіп қалуынан ол осы өзгерген қалапында дұрыс жазылса, кірігу жолы жағынан бұдан ешқандайда өзгешілігі жоқ кәрғыз сөзі жоқ түбірі сақталып кәрі қыз түрінде жазылады.Буын жылысу заңы мен үндестігі негізінде қалыптасқан көгорай, көгаршын сөздері осы өзгерген күиінде жазылуда, дәл осылайша қалыптасқан шегара, жүгаяқ сөздері түбірі сақталып шекара, жүк аяқ түрінде жазылады. Кіріккен сөздердің жазылуындағы мұндай ауытқуларды бір арнаға салған абзал. Кіріккен сөздерге мысал: айуанат, аманат, антұрған, алжапқыш, айрағыш, бәйшешек, әкел, әпер, белуар, белбеу, бақоты, арамой, алаңғасар, желқабыс, жанашыр, әнеугүні , естияр тағы басқа.[24, 54-60]

Таза номинативті қызмет атқаратын тіркестердісөз тіркесі қатарында қарауға болмайтындығын М.Балақаев: «Алдымен сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркесі тұрақты; қан қызылшасы, қызыл бұрыш, темір жол, мал дәрігері т.б.» - деп, мұндай тіркестерді «номинативті сөз тіркестері» деп атайды [23, 11].

Тілде атаулық қызмет атқаратын тіркестердің ішінде жасалуы жағынан өзіндік заңдылығы бар тілдік топтар кездеседі, яғни белгілі бір ұғым төңірегінде бір сөздің бірнеше сөбен ғана шектеліп тіркесіп, ұғым жағынан өзара байланысты топтар құрауы. Мысалы, асық жілік, тоқпан жілік, ортан жілік, кәрі жілік, күң жілік. Осы тіркестердегі негізгі ұғымға не ұйытқы сыңар – жілік сөзі. «торғай» сөзі ұйтқы болатын боз торғай, қара торғай, суық торғай, наурыз торғай тіркестері бар. Ұйытқы сөздер бірнеше сөбен тіркесіп, бір ұғым төңірегіндегі өзара байланысты мағыналық тіркестер құрайды. Бұл тіркестердің ұйытқы сыңар арқылы жасалғандықтан лоарда ортақ мағына болып, ол ортақ мағына ұйытқы сыңардан туындап, сол арқылы оларда мағыналық байланыс болады. Ұйытқы сыңар мағына туындаушы негізгі ұғым ретінде анықталушы қызмет атқарады, ал анықтаушы сыңар негізгі ұғымнан тараған түрлерін бір – бірімен ажыратып, олардың өзіне тән ерекше белгісін көрсетіп, даралаушы сөз ретінде жұмсалады. Анықтаушы сыңар (асық) ұйытқы сөздің (жілік), яғни анықталушы сыңарлардың номинативтері қызметіне аздап болса да, онымен қоса қабат атаулық мәнге ие болады.

Атаулы тіркестер – терминдер (АТ), мысалы: түйе жоңырышқа, сиыр жоңырышқа, тасп жоңырышқа т.б. белгілі бір ұғымдар төңірегінде шектеліп жұмсалады. Оның құрамындағы сыңарлар кез – келген сөзбен тіркеспей, арнайы бірнеше сөзбен ғана тіркесіп, белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Олардың құрамы мен қолданылуы біршама тұрақты болып келеді.

Тіліміздегі атау мағыналы тіркестердің өзіндік негізгі белгілерін анықтау үшін олардың фразеологиялық оралымдпрмен, еркін және түйдекті тіркестермен салыстырып көрейік.

Фразеологиялық әдебиеттердеқайсібір сүйеніп, көптеген тұлғаларды (мысалы, терминологиялық сөз тіркестерін) фразеологиялық тіркес деген пікір де орын алуда, ондай тұлғалардың көпшілігі, «сын есім + зат есім», «зат есім + зат есім» түрінде де, есімді фразеологиялық тіркестерге өте – мөте ұқсас. Енді осы терминологиялық сөз тіркестерінің, құрамды атаулардың «фразеологиялығына» тоқталайық.

Тіл – тілде жеке сөз терминдердің қызметі сөз тіркестері атқара береді.

Сөз – терминдер де, сөз тіркесі – терминдер де бір ғана қызмет атқарады, бір ұғымның атауы болады, бірақ олар бір – бірінен айрықша жақтарымен ерекшеленеді. Терминдік сөз тіркестерінің фразеологиялық тіркеске жақындатылуы, оның көп сөзді сыңардан жасалып, дайын қолданылуы себепті болса керек. Терминологиялық сөз тіркестері орыс тілінде сыртқы құрылымдық ұқсастығының белгілі – белгілі сыңарларда тұратын құрамының дайын қолданылатындығының жеке тұтас мағынасының негізінде «фразеологизмдер» деп аталып жүр.[27, 105]

Қайсібір термин – тіркестердің лексикалық талдауға көнбейтін; «божья коровка», «анютины глазки», «летающий крепость» сияқты түрлері ғана фразеологиялық тіркеске жатқызылып, көпшілігі еркін сөз тіркестерінің қарамағына ысырылған. Ендігі бір терминологиялық тіркестер (финский дом, сухое вина) құрамында «фразеологиялық байлаулы мағыналы сыңар» (финский, сухое) бар делініп (бұл сыңарлар байлаулы емес), соның негізінде ғана фразеологизмдердің қатарына жтқызылған.

Көптеген сөздіктерде, оқу құралдарында орыс тіліндегі мынадай:

грудная клетка, грудная жаба, мускатное дерево, фиговое дерево, заячья капуста, морская корова, атомная энергия, тепловая энергия, царская водка, водяной газ, резервная армия труда, банковый билет, гражданская война, гражданский кодекс, косвенный вопрос, инженерная геология, физическая география, высшая математика, политическая экономия, органическая химия т.б.; қазақ тіліндегі: азамат соғысы, сүңгір қайық, атты әскер, ауыр өнеркәсіп, көбейту кестесі, қатаң дыбыс, лепті сөйлем, орта мектеп, септік жалғау, сілтеу есімдігі, торсылдақ түйме, төтенше съезд, түсті металл, тыныс белгісі, тыныс жолы, утопиялық социализм, ұяңдыбыс, үдемелі қозғалыс, үндестік заңы, фото – сурет, әуе флоты, химиялық элемент, химиялық реакция, химиялық препарат, органикалық химия, хина ағашы, ілгерінді ықпал, ырықсыз етіс, қатаң дыбыс,қосалқы айқындауыш, қосымша күн, мақтау қағаз т.б. сияқты тұлғалар фразеологиялық ендиницалар белгісінің астында берілген [39, 66]

Жалпы фразеологиялық тіркестердің бәрі де ерекше түрде топтасқан да, өзара мағыналық ерекше тәелді байланыста тұрып, бүтін құрамдар жасалған. Күрделі сөздердің фразеологиялық тіркестердің, еркін сөз тіркестерінің терминологиялық сөз тіркестері жүйесінде араласуы, тікелей олардың жеке сыңарлардың терең сырларында жатыр.

Егер ажыратыла тұлғалануы сырттай көрініп тұрса, онда мұндай терминдер, образды мағына емес, номинативті немесе тура мағына қолданылып, ғылымның белгілі бір саласына ғана қолданылады. Екі сыңары бірігіп, бір мағынаға ие болса, номинативті қызмет атқарып, бір заттың я ұғымның атауы ғана болса, онда олар күрделі терминдер болып табылады. Күрделі термин сөздердің сыңарлары бірін – бірі анықтай, толықтай және пысықтай алмайды, ондай қасиеттерден айырылған. Ал терминологиялық тіркестердің сыңарлары белгілі дәрежеде бірімен – бірі грамматикалық қатынаста болады, алдыңғы сыңарлары (атрибутивті түрлерінде) соңғы сыңарлардың анықтауышы, саны, сапасы және тағы басқа белгілерін білдіріп тұрады. Мысалы: нарықтық экономия, тас жол т.б. атрибутивті тіркестердің бірінші сыңарлары затты (ұғымды) басқа заттардан (ұғымдардан) бөл мақсатында қолданылып тұр. Анықтаушы мүше (сын есім немесе зат есім) анықталушы мүшенің (зат есім) ерекше немесе тұрақты қасиетін белгілейді. Мысалы, қазақ тілінде: түсті металл, минорлы тон, сырт ким т.б. орамдардың әр мүшесі әр сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Бұлар – терминдер қызметіндегі құрамды атаулар, терминологиялық тіркестердің бір тобы.

Сөз тіркесі – терминдер сөз – терминдерден өздері атайтын ұғымның аумағымен да ажырайды. Күрделі терминдердің бұл түрінің ерекшелігі, олар нақты қажетке байланысты іріктелеген және мағыналы сөздерден жасалған. Номинативтік қызмет атқарып, құрамды терминдер мен құрамды атаулар негізінен, нақты заттар мен құбылыстардың алғашқы, дәлме – дәл атауы қызметінде көрінеді.

Бұл пікірлер шектеулі тіркестердің қай топқа жататындығын ажырататын белгілердің анықталмай келгендігін көрсетіп тұр. Атрибутивті құрылыстардың «сын есім – зат есім», «зат есім – зат есім» үлгісімен жасалған номинативті түрлері өзімізді қоршаған өмір шындығының барлық саласын қамтиды. Мысалы: түр – түс, жан – жануар түрлері, құрт – құмырсқа, шыбын – шіркей, өсімдік т.б. заттар мен құбылыстар атауы ретінде келеді. Мысалы: бақа жапырақ, бал қурай, ақ қайың, қызыл бидай, ағаш аяқ, азу тіс, аралас – құралас, аралық ми, құлама бұрыш, қышқыл су т.б. сияқты құрылыстардан туатын мағына, құрамының тұрақтылығы, дайын қолданылуыоларды ФО – ң қатарына қатастыруды қажет етпейді [28, 154]

Құрамды атаулар мағынасының тұтастығы негізінде дайын күйінде қолданылады да, осы белгісі негізінде ФО – ға жақын келеді. Құрамындағы сыңарларының мағынасы мен мазмұнын, араларындағы синтаксистік сақтауы негізінде олар еркін сөз тіркестеріне жақын келеді. Ал белгілі бір атау қызметінде және тұтас мағына да қолданылуы негізінде олар күрделі сөздерге жақындайды. Негізінен, құрамды атаулар мен терминологиялық тіркестердің тұрақты оралымдардың өз алдында бір тобы екендігі даусыз. Күрделі сөздердің тууына болатын топтар да осылар десе болады.

Шындық өмірді танып, терең бойлаған сайын білімнің аумағы кеңи береді де, жаңа терминдер, образды мәнде болсын я образды мәнде болмасын, туып жатады, мысалы, қазақ тілінде: адымдаушы эксковатор, үдемелі қозғалыс, төл сөз, қатаң дыбыс, үйірлі мүше т.б. сияқты орамдарды структура – грамматикалық тұрпатына қарап, әр түрлі салаға келу дұрыс емес.

Белгілі бір констекстің құрамында, ФО оның бір ғана мүшесі қызметін атқарып, астарлы тұрақты мағынасын сақтайды, ал терминологиялық тіркестер дайын күйінде қолданылғанымен, оларда мағына болмайды, олардың әрбір мүшесі дербестігін сақтап, бір – бірімен грамматикалық байланыста болады. Оларда көрінетін мағына атау түрінде тұрып, белгілі бір затқа я құбылысқа тікелей қатысты болады, мысалы: «қатаң дыбыс» дегендегі «қатаң» сөзі белгілі бір «дыбыстың» түрінің атауының үстеме, образды немесе күшейтпелі мағыналы мүше емес, құрамдағы мүшелер мағыналық та, грамматикалық та байланысу дербестіктерін сақтаған. Ал егер я одан көп сыңардын тіркесіп, ол сыңарлар бірін – бірі анықтап та, белгілеп те тұрмаса, сыңрлардың мағыналары негізінде бүтін мағына тумаса, онда олар күрделі сөздердің бір тобы болып табылады [30, 132]

Синтаксистік еркін сөз тіркестерінің құрамына жасалған өзгерістер олардың грамматикалық табиғатына әсер етпейді, атрибутивтік мәнін өзгертпейді. Мысалы: дауысты дыбыстар, күрделі сөйлем, математикалық лингвистика, түзу сызық, қос нүкте, нүктелі үтір, орталау мектеп, орта білім, сүйір бұрыш, сүңгір қайық, таға шеге, тарбақ құрбақа, тарихи грамматика, тау бүркіт, теңіз капуста, тұт көбелек, түкті ара, ақ халат, бас дәрігер, жасанды ішек, түсіндірме сөздік, аға лейтенант, аға шопан, тізбекті реакция, күкіртті қышқыл, асыл тұқым, ауыспалы егіс, бөлшекті сан, ғылыми еңбек, далалық почта және т.б. сияқты өмірдің сан түрлі жақтарына қатысты мұндай топтардың құрамындағы сөздер бір – бірімен өзара тығыз байланысты және бірі екіншісіне тәуелді, өз дербестіктерін сақтаған. Бұларда лексикалық идиоматизм да, грамматикалық идиотизм да жоқ.

Лексикалану процесінің нәтижесінде жаңа сөздер, күрделі сөздер тауып отыратын болса, жоғарғыдай лексикалану процесі үстіндегі тұлғалар фразеологиялық тіркестерге қарағанда, күрделі сөздерге өте – мөте жақын. Солай болса тұрса да, олар еркін тіркестер болып табылады.

Нақтылы ұғымдардың мағынасын дәл көрсететін терминдер болып табылады. Термин дегеніміз – белгілі бір ұғымды дәлме – дәл білдіретін тұлға. Әр түрлі салаға қатысты атаулардың сырттай ала – құлағының себебі біріншіден, олардың бір тобы күрделі терминдер – сөздер де, екінші тобы – терминдер – сөз тіркестер.

Қандай бір тіл болмасын, оның қалыптасқан өз жолы, өз құрылысы, өз жүйесі болады, сондықтан ең алдымен тілдің мүмкіншілігін, заңдылықтарын және сол тілді тұтынушы қауымның тіл дәстүрін ескеру қажет. Бір атау болып табылатын, бір сөз қызметін атқаратын, біртектес заттар мен құбылыстарды олардың басқа түрлерін ажырату қызметін атқарып қолданылатын сыңарлары терминдердің өздеріне тән ерекшеліктерін ескеру – оларды КС – ден де, ЕСТ – нен де, ФО – дан да ажырататындығын көрдік. Мысалы: атауыз, кемпірауыз, қысқыш, тістеуік деген сөздердің әрқайсысы әр заттың атауы: ор қоян, ақ қоян деген орамдардағы ор, ақ сөздері сол аңдарды басқа түрлерінен ажырату белгісі, яғни олар биологиялық түр аты.

Мысалы: құнажын байтал, дөнежін байтал; ортан жілік, асық жілік, тоқпаң жілік, бел омыртқа, ауыз омыртқа, мойын омыртқа: ащы ішек, тоқ ішек, түйе жоңышқа, таспа жоңышқа, сиыр жоңышқа, боз торғай, қара торғай, шырша торғай деген орамдардың әрқайсысы ұғымның тікелей атауы. Күрделі сөздердің жазылуын қалыптастыруда тұлғалардың басқа тілдердегі үлгісін сүйеніш етпеу керек, өйткені бір ұғымның негізінде әр тілде әр түрді атау қалыптасқан, мысалы, орыс тіліндегі: «донник» қазақ тілінде – түйе жоңышқа т.б.

Сонымен АТ- ді өзімен сырттай ұқсас тілдік құбылыстардан ажырататын оларға (АТ – ге )тән мынадай негізгі белгілері бар.

1. АТ – ң құрамы кемінде екі сөздің өзара тығыз байланысынан тұрып, зат я құбылыстың атауы ретінде жұмсалады.

2. АТ – ң құрылысы, құрамы біршама тұрақты болып, даяр күйінде қолданылады.

3. АТ – ң сыңарлары белгілі бір ұғым төңірегіндегі санаулы сөздермен ғана тіркесіп, мағына жағынан өзара байланысты құрылымдық топтар құрайды, атауыш мағынада болады.

4. АТ – р тұтас күйінде бір сөз тобының құрамы еніп, морфологиялық тұрғыдан тұтас тұлғаланады, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарады.

5. АТ – ң қалыпты (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

АТ – р, жүре қалыптасқан (сүт тіс, қасқа тіс, азу тіс, ақыл тіс, күрек тіс т.б.)

АТ – р, жалғаушы (феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, буржуазиялық қоғам т.б.) АТ – болып бөлінеді.6. АТ – р белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатындықтан, олар көбінесе дара мағыналы болады, термин ретінде қолданылады, яғни номинативті қызмет атқарады.

7. АТ – р құрамына қарай екі сыңарлы (ашық сот, жабық сот), үш сыңарлы (мақсатты келер шақ, бастапқы келер шақ), төрт сыңарлы (жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем т.б.) болып келе береді. Ә.Болғанбаев тіліміздегі «сөз» сөзіне қатысты тіркесуін елуден аса сөзге жеткізеді (55). Олар: төл, төлеу, оқтау, туынды, кіріккен, біріккен, қосарланған, алғы, кіріспе т.б. – «сөз».

8. АТ – р жалпы ұғымның әр түрлі жақтарын анықтайды (өгей шеше, кіндік шеше; бұшық ет, сан ет, бауыр ет, қыз бала, аталық ру, аналық ру, аға сұлтан, сүт тіс, ақыл тіс, күрек тіс, азу тіс, ат қора, сиыр қора, қой қора, ақ жаңбыр, өткінші жаңбыр т.б.).

9. АТ – рге жүйелік тән, өйткені, олар белгілі бір ұғымдар төңірегіндегі шектеулі түрде қолданылады, сыңарлары белгілі бір ұғым төңірегінде бірнеше сөзбен тіркесіп, атауыш топтар құрайды.

Бұл белгілер АТ – дің тілдік құбылыстардың ішінде өзінше жеке тілдік тұлға екендігін дәлелдейді [34, 23- 45]

Тіркестер – терминдер қолданылу жағынан ғана шектеулі емес, оның құрамындағы сыңарлары санаулы бірнеше сөзбен ғана тіркесіп, белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалу жағынан да шектеулі болып келеді. Мысалы: бота берген, түйе жоңышқа, ат сасыр, сиыр құйрық т.б. өсімдік атаулары метафоралық қолданыстың негізінде қалыптасқанымен де, зат не құбылыстың атауы ретінде номинативті қызмет атқарады.

Қазақ тіл білімінде терминологиялық лексиканың мәнін, құрамын, жасалу принциптерін анықтауда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдаров, Ш.Сарыбаев, С.Исаев. Ө.Айтбаев т.б. зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңызы бар.

Сөз тіркесі түріндегі терминдерді Ө.Айтбаев үш түрге бөліп қарастырады. Олар: 1. еркін тіркесті терминдер; 2. еркін емес тіркесті терминдер; 3. фразеологиялық тіркесті терминдер.

Атауыш тіркесті терминдер мен еркін тіркесті терминдердің арасындаелеулі айырмашылықтар бар. Еркін тіркесті терминдер құрамы толық мағыналы кемінде екі сөздің синтаксистік қатынаста тұрып, бағына байланысуынан жасалады.Олардың құрамындағы сыңарлар өз алдына жеке термин ретінде болумен қатар, басқа терминологиялық сөз тіркестерінің құрамына ене алады.

Мысалы, дүниеге философиялық көзқарас, минералды тыңайтқыш, дамудың диалектикалық заңы т.б.

Ал атауыш тіркесті терминдер даяр қалпында, сол тіркес күйінде ғана термин ретінде жұмсалады.

Еркін шектеулі тіркестер терминдер: қызыл бұрыш; ерігішзат, құрғақ зат т.б.; еркін емес шектеулі тіркесті терминдер: домалақ арыз, домалақ хат т.б.; фразеологиялық шектеулі тіркесті терминдер: ат қонақ, ешкі қонақ; сиыр сасыр, ешкі сасыр, айғыр сасыр; сабын шөп, судан шөбі, өлең шөп т.б. деп бөлуде негізге алынатын принцип – АТ – ді құрастырушы сыңарларының мағыналары.

Мұндай атаулар метафоралық қолданыс негізінде немесе бойында бар ерекше бір белгі – қасиеті бойынша аталған.

Мысалы: бел омыртқа, ауыз омыртқа, жүйке тамыр, көк тамыр, аш ішек, тоқ ішек, самай шаш, қарын шаша, жұлдыздық сағат, күн сағаты, құм сағат, қара өлең, ақ өлең, қайым өлең, грек жаңғағы, жер жаңғағы, ашық буын, тұйық буын, азайту таңбасы, қосу таңбасы, бесік құда, бел құда, күйеу бала, өкіл ата, өкіл күйеу, күшік күйеу, күшік ата, ыза су, уыр су, жүгірме толқын, қайталама толқын т.б.

АТ – р термин ретінде қоғамның, ғылымның әр алуан саласында қолданылады. Олардың көптеген тақырыптық топтары кездеседі.

Мысалы, анатоимялық, астрономиялық, биологиялық, әдебиеттану және лингвистикаға қатысты, географиялық, зоологиялық, математикалық, табиғат атауларына байланысты, тарихи, топонимикалық, тұрмыс – салт, физикалық, философиялық, химиялық т.б. атауларға байланысты АТ – р.

Олар терминдер болып жасалады да, бейнелі мәнде болсын (ыза су), я бейнелі мәнде болмасын (қызыл бұрыш), олар зат не құбылыстың атауы ретінде қолданылады.

Құрамдық сипатқа қарай да АТ – р бірнеше тақырыптық топқа жіктеледі. Мысалы: есімді, етістікті АТ – р, сыңарларының сандық өлшеміне қарай сипатталатын АТ – р, сыңарларының байланысу ерекшеліктеріне қарай сипатталатын АТ – р.

АТ – р құрамындағы сыңарларының морфологиялық тұлғаларына қарай: зат есім – зат есім; зат есім + зат есім + ы/і қосымшасы; сын есім + зат есім; есім + зат еісм; есімше + зат есім; етістік + зат есім. Мысалы; зат есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалған АТ – ң сыңарлары бір ұғымның атауы ретінде қолданылады, сыңарлары анықтауыштың қатынаста тұрып, орын тәртібі арқылы байланысады: ауыз омыртқа, бел омыртқа, мойын омыртқа т.б.

Зат + зат есім + ы-і аффиксі түріндегі АТ – ң анықтаушы сыңары атау тұлғада тұрып, ал анықталушы ұйытқы сыңары тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрып байланысады: ас тұзы, ағылшын тұзы т.б.

Сын есім + зат есім түріндегі АТ – рдің құрамындағы анықтаушы сөз негізгі ұғымға ие ұйытқы сыңардың, яғни анықталушы сөздің тән ерекше белгісін, тұрақты қасиетін даралап көрсетеді, атрибутивтік қатынастарға АТ – ді құрастыруда сапалық сын есімдер жиі қолданылады; бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек; қара өлең, ашық сот, жабық сот т.б.

Сан есім + зат есім құрамы АТ сыңарлары қабыса байланысты, анықтауыштық қатынаста қолданылады.

Тіркес бүтіндей заттық ұғымды білдіреді: екілік дәреже, үштік дәреже, жүздік бөлшек, ондық бөлшек; көп мүше, қос мүше; үштік нүкте, төрттік нүкте т.б.

Есімше + зат есім типті АТ – ң анықтаушы сыңары ретінде есімшелердің –ар, -ер, -р, - атын, -етін, -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы сөздер қабыса байланысып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады; өткен шақ, келер шақ; біріккен сөз, кіріккен сөз, қысқарған сөз: өлшенетін шама, ізделінетін шама т.б.

Етістік + зат есім құрамында АТ – ң анықтауыш сөзі етістіктен болып, анықталушы сыңарымен қабыса байланысады: көбейту таңбасы, қосу таңбасы, азайту таңбасы; қайталама толқын, жүгірме толқын; сыну сызығы т.б.

Етістіктер АТ – р заттанып барып, белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады, олардың лексика - грамматикалық мағыналарына қарай «зат есім + етістік, сын есім + етістік» деп 2 топқа бөлуге болады.

Зат есім + етістік тіркесінен тұратын АТ – р көбінесе өсімдіктердің атау ретінде жұмсалады: орман бүлдіргені, ат сасыр, бота бүрген т.б. (64).

Бұлардың біразы этимологиялық тұрғыдан талданып барып, түсінікті болады.

Сын есім + етістік тіркеуі сирек кездесетін құбылыс. Олар анықтауыштың қатынаста, қабыса байланысады: ұлттық ойлау, ғылыми болжау, танымдық болжау, абстракт ойлау, жеке пайдалану т.б.

Атауыш тіркестер құрастырушы сыңарларының санына қарай: екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы т.б. тіркестер болып топтасады.

Тілімізде өте жиі кездесетіні екі сыңарлы АТ – р.

Оларды құрастырушы сыңарларының лексика – грамматикалық мағыналарына қарай: зат есім + зат есім; сын есім + зат есім сияқты құрылыдап топтарға жіктеуге болады: 1. Зат есім + зат есім (ас бұршақ, жем бұршақ, оң жылан, су жылан, қол аңы, көз аңы т.б.); 2. зат есім + зат есім – ы/ - і аффиксі (жол зекеті, қыз зекеті, нан ағашы, хинин ағашы, азамат соғысы, отан соғысы т.б.); 3. сын есім + зат есім (қатты дене, сұйық ене, бүтін сан, бөлшек сан, ұлы бесін, кіші бесін, қара топырақ, сары топырақ т.б.); 4. сан есім + зат есім (екілік дәреже, үштік дәреже, нольдік нүкте, төрттік нүкте, екілік түбір, үштік түбір, ондық бөлшек, жүздік бөлшек т.б.);

5. етістік + зат есім (қосу таңбасы, алу таңбасы, бөлу таңбасы, сығылу дәрежесі, өту дәрежесі т.б.); 6. есімше + зат (келер шақ, осы шақ, өткен шақ, кіріккен сөз, біріккен сөз т.б.); 6. сын есім + етістік (дөңес тұйықталу, ғылыми болжау, танымдық болжау т.б.).

АТ – лдің бұдан басқа да құрылымдық түрлеріне үш сөзді, төрт сөзді тіркестер т.б. жатады. Олар: құлиеленушілік құрылыс, ауыспалы келер шақ, алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгі заман тарихы, реттік сан есім, жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем т.б. АТ – р құрамындағы негізге ұғымға ие ұйытқы сөз белгілі бір ұғым төңірегінде басқа сөздермен тіркесу мүмкіндігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ұйытқа сыңар екі сөзбен, үш сөзбен, төрт сөзбен, бес сөзбен, алты сөзбен, кейде одан да көп сөбен тіркесіп, мағына жағынан өзара байланысты тіркесті атаулар құрайды. Мысалы, екі сөз тіркесі: ға сұлтан, кіші сұлтан, үш сөз тіркесі, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, төрт сөз тіркесі;

Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік мұзды мұхиты; Жеті сөзбен тіркесі; атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігі.

Сонымен, АТ – р құрамындағы негізгі ұғымғ не ұйытқы сыңар белгілі бір ұғым төңірегіндегі екі сөзбен бастап одан да көп сөзбен тіркесе алатындығын байқадық.

АТ сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалады. АТ – і құрастырушы сөздер ешбір қосымшасыз, орын тәртібі арқылы табыса байланысып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олар сол тіркескен күйінде белгілі бір ұғымның атауы ретінде қолданылады.

АТ – р изафеттік құрылыстың екінші түрі бойынша, яғни анықтаушы сөз жалғаусыз тұрып, ал негізгі ұғымға ие анықталушы сөз тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұрып байланысады. Мысалы, айып құны, кек құны, ит жылы, доңыз жылы т.б.. АТ – р изафеттік құрылыстың бірінші түрінде жиі кездеседі. Мұнда тіркес сыңарлары ешбір жалғаусыз тұрып байланысады. Мысалы, өгей бала, күйеу бала, күшік ата, өкіл ата, зат есім, сын есім, қара жаңбыр, ақ жаңбыр, аға сұлтан т.б. Атауыш тіркестердің фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалатын анықтауыш сыңарларының жұмсалу ерекшелігіне қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады [38, 62]

1. Сын есімдердің фраезеологиялық байлаулы мағынады жұмсалуы. Мысалы, ақ жаңбыр, қара жаңбыр, қара өлең, ақ өлең т.б.

Қара өлең – үшінші жолы ұйқасты қажет етпейтін, он бір буынды төрт жолды өлең. Ақ өлең – ұйқас, ырғақтан ауытқып кетпейтін өлең түрі (ҚТТС, 4 том).


  1. Зат есімдердің фразеологиялық байлаулы мағынада анықтауыштық сыңарда жұмсалуы. Мысалы, сабын шөп, өлең шөп, қоян жоңышқа т.б.

  2. Жануарларға байланысты фразеологиялық байлаулы мағынадағы тіркестер: оқ жылан, сұлтан балық т.б.

  3. Адам анатомиясына байланысты фразеологиялық байлаулы мағынадағы тіркестер: тоқ ішек, соқыр ішек, ақыл тіс, сүт тіс, т.б.

  4. Туыстық қатынасты білдіретін фразеологиялық байлаулы мағынадағы тіркестер; күшік күйеу, кіндік шеше, өгей шеше, қол бала, бел бала т.б.

  5. Мұндай атаулар метафоралық қолданыс негізінде немесе бойында бар ерекше бір белгі қасиеті бойынша аталған қасиеті бойынша аталған. Фраезеологиялық тіркесті терминдер тұтас күйінде белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады.

Олардың атқаратын қызметі жөнінде М.И.Скворков деген лингвист:

«Олар нақты терминология мүшесі ретінде өзінің алғашқы экспрессивтік бояуын жоғалтып, сөйлеушілер санасында тек атау қызметін ғана атқаратын мағынада жұмсалады», - дейді (Скворцов М.И.О некоторых особенностях чувашских народных названий растений // Тюрская лексикология и лексикагрфия. М., 1971, 275 – 276 беттер).

Атауыш тіркестердің кейбір тақырыптық топтарын атап өткеніміздегі мақсат – олардың термин ретінде қоғамның, ғылымның әр алуан саласында қолданылуына назар аудару еді.

Оларды бірнеше тақырыптық топтарға бөліп қарастыруға болады.



  1. Анатоимялық атауларға байланысты тіркестер: ауыз омыртқа, көк тамыр, тік ішек т.б. Асторномиялық атауларға байланысты тіркестер; жұлдыздық шама, күн сағаты, құм сағат, күн тәулігі, жалған күн т.б.

  2. Әдебиеттану атауларына байланысты тіркестер: қайым өлең, тарихи жырлар, қара өлең т.б.

  3. Биологиялық атауларға байланысты тіркестер: бұғы мүгі, грек жаңғағы, судан шөбі, қой жусан, арқар жусан т.б.

  4. Географиялық атауларға байланысты тіркестер: маиа тас, Үнді мұхиты, тірі табиғат, өлі табиғат т.б.

  5. Зооологиялық атауларға байланысты тіркестер: дала күзені, сасықкүзен, қамба, егеуқұйрығы, бұғы қоңыз т.б.

  6. Лингвистикалық атауларға байланысты тіркестер: ашық буын, атау септік, бұйрық рай, өткен шақ, өзіндік етіс т.б.

  7. Математикалық атауларға байланысты тіркестер: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, азайту таңбасы, бүтін сан т.б.

  8. Табиғат атауларына байланысты тіркестер: ақ жаңбыр, қара жел, қоңыр жел, қара жаңбыр, сүрі қар т.б.

  9. Табиғат атауларына байланысты тіркестер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, аталық ру, аналық ру, ежелгі заман, отан соғысы т.б.

  10. Топономикалық атауларға байланысты тіркестер: Ақ Орда, Көк Орда, Бас Қараш, Ақыр тас, Бала Сағын т.б.

  11. Тұрмыс – салт атауларына байланысты тіркестер: бесік құда, құда бала, өгей шеше, кіндік шеше, бел құда, күйеу бала т.б.

  12. Физикалық атауларға байланыстытіркестер: жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қайталама толқын, тұйық сызық т.б.

  13. Философиялық атауларға байланысты тіркестер: жаңаша ойлау, тіршілік заңы, зерексіз ойлау, ғылыми таным т.б.

  14. Химиялық атауларға байланысты тіркестер: ас тұзы, ағылшық тұзы, ерігіш зат, ыза су, ауыр су т.б. [40, 65] Сөздердің шектеулі тіркесі сөз жасау барысында тіліміздің сөздік қорынан алатын орны ерекше.

Тақырыптық топтар осымен бітеді деген ой әрине тұмауы керек,

қазіргі қоғамдық, мәдени, саяси өмірімізде күнделікті жаңа ұғымдардың

байланысты өмірге келіп жатқан шектеулі тіркестер өте мол.

Сонымен, атауыш тіркесті терминдер белгілі мәнде болсын, я бейнелі мәнде болмасын, олар зат не құбылыстың атауы ретінде жұмсалады. Олар құрамын жағынан тұрақты болып, қоғамның, ғылымның, өмірдің белгілі бір саласында термин ретінде қолданылады.

Тіліміздегі аналитикалық сөзжасамның өнімді тәсілдерінің бірі – сөздерді бір – бірімен тіркестіріп, номинация жасау. Сөзжасам жүйесіндегі осы уақытқа дейін сөз болып қозғалмаған мәселелердің бірі – мағына жағынан өзара байланысты ұғымдарды атау барысында бір сөздің бірнеше сөзбен ғана шектеліп тіркесуі. Сөздердің шектеулі тіркесі сөз жасау барысында тіліміздің сөздік қорынан алатын орны ерекше. Сондықтан да шектеулі тіркестердің тілдік табиғатын айқындау, оларды фразеологизмдерден айыру маңызды мәселе. Шектеулі тіркестер бір сөздің бірнеше сөзбен тіркесуі негізінде белгілі бір ұғымның төңірегінде қалыптасады. Сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты лексикалық қасиетінің бірі болып табылады. Осы шектеулі тіркескіштік қасиеті атауыш тіркестерді ФО – ға жақын етеді. Сонымен қатар, ФО – р сияқты атауыш тіркестер де негізгі ұғым төңірегінде ғана шектеліп жұмсалып, тілде атаушы қызмет атқарады. Олар тіркескен күйінде бір сөз табының құрамына енеді, сөз тіркесінің бір сыңары ретінде жұмсалады және морфология тұрғыдан тұтас тұлғаланып, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқарады. Олар: асық жілік, ортан жілік, тоқ май, тас жол, жабық сот, өзгелік етіс, ұлы жүз, алғашқы қауымдық қоғам, үл бала, қыз бала, бұлшық ет, азу тіс, ақ жаңбыр, тығын ағашы, түкті қайын, қотыр қайың, ат сасыр, минералды тыңайтқыш, ақ өлең, өкіл ата, ғылыми таным, тай саба, алу таңбасы, аға сұлтан, айып құны, жаңа заман тарихы т.б.

Атауыш тіркестердің ФО – дан айырмашылықтарының бар екендігітөмендегі жолдардан байқалады.

Атауыш тіркестер құрамындағы негізгі ұғымға не ұйытқы сөздің бірнеше сөзбен ғана тіркесіп, мағына, ұғым жағынан өзара байланысты топтар құрауы олардың белгілі бір ұғымдар төңірегінде шектеліп жұмсалатынын көрсетеді.

Атауыш тіркестерге тән тілдік ерекшеліктер өзіміен сырттай ұқсас: еркін тіркестермен, фразеологиялық оралымдардан, күрделі сөздерден өзгеше екендігін көрсетеді. Олардың негізгі белгілері: атау ретінде жұмсалады, даяр күйінде құрамы біршама тұрақты болып қолданылады, сыңарлар санаулы сөздермен ғана тіркесе алады, тұтас күйінде бір сөз табы құрамына енеді, тұтас құраммен сөз тіркесі сыңары ретінде жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.

Түркі тілдерінде сөздердің қосарлануы арқылы жасалған қос түбір сөздер де заттың, құбылыстың, белгінің, қимылдың жағы басқалардың атқуын білдіретін лексикалық бүтіндер болып табылады. Қос түбір сөздер де басқа түбір сөздер сияқты, әр түрлі сөз табына жатады да, сол сөз табының грамматикалық формаларымен түрленеді. Бала-шаға, күш-қуат, ата-ана – зат есімдер; ескі –құсқы, жаман – жәутік, ойлы – қырлы – сын есімдер, бетпе – бет, көзбе – көз, ара – тұра – үстеу; кімде – кім, анау-мынау, әне – міне – есімдік; ұрып – соғу, жылап – сықтау, жуып – шаю – етістік т.б.

А.Ысқақов қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп, олардың фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаттарын тілдік фактілермен толық көрсеткен [48, 156].

Негіз сөз аналитикалық сөзжасамда негізгі қызмет атқарады. Негіз сөздің қызметі аналитикалық сөзжасамда күшті. Аналитикалық сөзжасамда сөзжасамдық тұлға қызметін тек қана түбір сөздер атқарады, мысалы, емарша, еңбекақы, кәсіпорын, қолбасы, ауыз қуысы, құрбан айт т.б.

Аналитикалық сөзжасамда ең кемі екі негіз сөз болады. Күрделі сөздің жасалуына қатысатын түбір сөздерді негіз сөз деп те тану керек. Мынандай аналитикалық тәсілмен жасалған: Екібастұз, ойтұлғау, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. күрделі сөздердің кейбіреулері екі сөзден, кейбіреулері үш сөзден құралған, олар негіз сөздер. Аналитикалық тәсіл тілімізде барлық сөз табының сөзжасамнан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. Күрделі сөздерде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғыдағы мәнін сақтамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар; 1. сөзжасам, 2. қосарлау, 3. тіркестіру, 4. қысқарту сияқты төрт түрі бар [49, 142].

Сонымен, қорыта келгенде, сөзжасам үрдісіне түбір сөздің барлық түрі қатысады:

1.Негізгі түбір – негіз сөз қызметінде ең жиі қолданылатын сөз. Бір негізгі түбір арқылы жүздеген туынды сөз жасалды – тілде жиі кездесетін құбылыс;

2. Туынды түбір де сөзжасамдағы өнімді негіз сөз болып табылады;

3. Біріккен сөз де түбір сөзге жатады;

4. Тіркесті күрделі сөздердің негіз сөз қызметін атқарды сирек;

5. Қысқарған сөздердің негіз сөз қызметін атқаруы өте сирек.

Иете, алу, орта түрік сақлауй (сақтау) т.б. – йа, - йу, -йы варианттары көне түркі тілінде еркін қолданылғанымен, тілдердің жаңа кезеңдерінде олар қолданыстан ығыса бастағаны байқалады. Түркі тілдерінің жаңа дәуірінде – а мен – й тұлғалары бірігіп, біртұтастыққа айналған.

Сөйлей – сөйлей тәрізді етістіктер құрамынан сол біртұтастықты көреміз. Қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысында да – й дербес қолданылатын қосымша есебінде көрінбейді.

Көне түркі тілінде бұл қосымша тій (ін) тәрізді бірен – саран сөздер құрамында айтылады. Көне түркі тіліндегі –а, -ы, -й, -у (йу) тұлғаларын дербес тұлғалар деп тану қиын. Жазба тілін зерттеушілер бұл мәселе туралы әр түрлі пікірде П.М.Мелиоранскийдің бұларды өзара жақын, мәндес тұлғалар болғанмен, бір тұлғаның варианттары емес деп қарағаны белгілі В.Т.Кондратов бұлардың барлығын бір тұлғаны, варианттары деп есептейді. Қалай дегенмен, бұлардың ішінен тұрақталып қалғандары соның тек – а тұлғасы, оның варианты – е ғана. Сондықтан тұлға біреу де, қалғандары соның варианттары деген пікір орынды. –П тұлғасы – көне тілдер де, жаңа тілдер – де де қолданылатын актив тұлға.

Қос сөз, қысқарған сөзді қоспағанда , нағыз күрделі сөздің үлгісіне - бүгін биыл, былтыр , қолқап, қоян , жылан , жануар, асқазан , ұлтабар, қарақұс , аққу, шашбау, тамақбау, итмұрын, қарабауыр , тарақұйрық, ақсақал , жарымжан, құр қалу , ән салу, сатып салу , шығарып салу тәрізді сөздер жатады. Жалаң сөздер тәрізді бұларда да сыртқы пішін, ішкі мән -мағына , яғни бірден көзге түсіп, көңілге қонатын құрылым болады. Фол оны құрастырушы компоненттердің тұлғалық , мағыналық бірлігінен тұрады. Басында бір біріне ешбір қатысы жоқ, жеке дара тұрған ондай сөздер қарым – қатынасқа түскеннен кейін жеке тұрғандағы қалпында бейтарап қала алмайды, біріне – бірі әсер етеді.

Күрделі сөз деп- екі я оданда артық сөз тізбегінен құралып , лексика , лексика – грамматикалық мағынасы мен тұлға , сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей тұтаспен белгілі бір ұғымның атауы болып жұмсалатын сөздерді айтамыз. Күрделі сөздер құрамдқ ерекшелігіне қарай , кіріккен сөз , біріккен сөз , құрама сөз, құрамды сөз , қос сөз, қысқарған сөз деп бөлінеді.

А. Кіріккен сөз . Кіріккен сөздердің құрамындағы компоненттердің түр тұрпатының өзгеруі жеке дыбысқа емес, сонымен қабат кейде грамматикалық формалардың мүлде ығысып түсіп қалуымен де байланысты болуы мүскін, ол үшін қаптесер, алжапқыш , күнбағар тәрізді сөздерді талдап көрелік. Қаптесер әуел баста қапты және тесер , алжапқыш – алды және жапқыш деген сөздерден біріккен.

Түркі тілдері , оның бірі қазақ тілінде де екпін , әдетте сөзбен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратуға жұмсалатыны белгілі. Сөз тіркесі бір ұғымды білдіруге ойысқанда , оның бастапқы сыңарының екпіні өзінің дербестігінен айырылып, безбенді екінші компоненттің соңғы буынындағы екпін басып, үстем болады. Бұл басында айырым интонациямен айтылытын сөз тіркесін бірұдай интонациямен айтуға әкеп соғады, міне, осындай өзгерістерде бұл дыбыс, кейде тіптен бүтін грамматикалық тұлғада түсіп қалады да , екі сөз кірігеді, мәселен, алжапқыш , қаптесер, күнбағар тәрізді сөздердің кірігуіне себеп болған , біздіңше басқа компоненттің екпінінен айырылып , бір ритмалық екпінмен айтылуы.

Тілде кіріккен сөздерде орын алатын дыбыстық өзгерістердің барлығын бірдей үндестік заңы , ассимиляция , екпін буын алмасумен байланысты түсіндіру кейде мүмкін бола бермейді. Мәселен, қара ала құс деген сөзден қарлығаш, бір жыл дүр дегеннен былтыр, білек жүзігінен – білезік, күн жүзі дегеннен күндіз, сегіз оннан – сексен деген сөздердің пайда болуын түсіндіру қиын –ақ, тілде ондай ондайлар болады.

Сонымен , кіріккен сөздердің құрылымының оған негіз болған сөз тіркесінен өзгеше , кейде ұқсамай , одан мүлдеше болып қалыптасуына қатысқан тілдік заңдылықтарды түйіндей айтсақ, олар: дауысты , дауыссыз дыбыстардың бір біріне ықпалын тигізуі , буын ығысу, буын кірігу нәтижесінде онда болатын сандық, сапалық өзгерістер , бастапқы компоненттің екпінінен айырылу салдарынан күрделі сөз компоненттері кідіріспен айтылмай , бір ритмикалық екпінімен айтылуы болмақ.

Жоғарыда берілген талдаудан шығатын қорытынды: кіріккен сөздер компоненттерінің түр түрпатының өзгеруі нәтижесінде жасалатын құрылым – кездейсоқ емес, тілдің дыбыс жүйесіне тән обьективтік сипаты бар заңдары негізінде пайда болған құрылым болады.

Олай болса, кіріккен сөздерді күрделі сөздердің басқа түрлерін ажыратуда , оны күрделі сөздердің өзалды бір түрі есебінде тануда, оларды әуел бастағы түр тұрпаты тұрғысынан емес, яғни тарихи аспектіде алып қарамай, қазіргі қалыптасып қалған құрылымы , яғни жоғарыда айтылғандай өзгерістерді өткізу барысында пайда болған құрылымдық сипаты тұрғысынан алып қарау орынды болмақ.

Кейбір кіріккен сөздер компоненттерінің о бастағы құрылымдық сиатын өзгерткендегі соншалық , оны этимологиялық талдау арқылы қалпына келтіруге болмаса , қазіргі тұлғасынан оның із – түзін көп жағдай да сезіп білу мүмкін емес.

Кіріккен сөздерді мағына бірлігіне келсек, ол көпшілік жайда құрамындағы сөздердің нақтылы, мағыналарының жалпылық сипат алуы , яғни дерексізденуі арқылы болатыны байқалды. Оған көз жеткізу үшін бұл жыл дегенді биыл, білек жүзігінен – білезік, күн жүзі дегеннен күндіз,алып келді - әкел дегендермен өзара салыстырып , мағыналарына назар аударып, бастапқы сөздерге қарағанда соңғыларының мағынасы анағұрлым абстрактілі.

Жоғарыда кіріккен сөздердің құрамында түсініксіз сыңарлары да болуы, ол бір кездегі мән – мағынасы болған байырғы немесе жеке сөздердің ғана құрамында кездесетін басқа тілден енген сөз болатыны айтылды.бұған қарағанда кіріккен сөздердің мағына тұтастығы бір жағы делексикалану процесіне де қатысты болатыны байқалады.

Екі я үш сөздің басында жай тіркесуі , одан бірігіп, ақырында мүлде кірігіп, , мағынасы , сондай ақ тұлғасы да әуел бастағы түр тұрпатына мүлде ұқсамай, ондан басқаша болып қалыптасуы ұзақ та , күрделі процесті басынан өткізу барысында пайда болады. Сонымен , біз жоғарыда кіріккен сөздердің құрылымдық ерекшелігін , онымен біте қайнасқан мағына бірлестігін сөз еттік. Бұл кіріккен сөздердің өте бір маңызды жақтары болмақ. Өйткені сөз болып отырған мәселеоны күрделі сөздердің басқа түрлерінен ажыратуда межелік белгі етіп ұстауға жарарлық маңызды белгі болмақ. Кіріккен сөз басында да кездесетін , мәселен, тұтас тұлғалану, белгілі сөз табы болып, оның құрамына енуі, сөйлемде де, жұбын жазбай , бір ғана мүшенің қызметін атқару, ортақ екпінге иеленіп, бір ритмикалық екпінмен айтылу, басқа сөздің жасалуына негіз болу, сөйлеу я жазу процесі үстінде құрастыруды қажет етпей , даяр қалпында қолдануға келуі тәрізді қасиеттер күрделі сөздердің барлығана ортақ жалпы қасиеттер болмақ.

Кіріккен сөздер компоненттері тегі жағынан да бірбеткей емес, әр қилы, дені байырғы сөздер , сонымен қатар басқа тілден енген сөздер де кездеседі. Былтыр тәрізді үш компонентті де байырғы сөзден болған, шалап, жиеншар, тәрізді бірі байырғы екіншісі басқа тілден енген сөздерден кіріккендері де тіптен барлық компоненттері де бүтіндей басқа тілден алынып , дыбыстық өзгерістерге түскендері де бар. Осыған орай кіріккн сөздерді үшке бөлуге болады. Бірінші – байырғы сөздерден кіріккендер: кекілдірік, белбеу, ашудас, кіндіз , алжапқыш; екінші – бірі байырғы, , екіншісі басқа тілден еніп кеткендер: қолбағыс , шонжар, алаңғсар ; үшінші – басқа тілден енген сөздер: шаһнама,мұрап, жексембі тағы басқа. Қорытынды : кіріккен сөз тілімізде шағын , ол тілдің көне заманында пайда болған, сөз естілуінше емес, түбірін сақтап жазу принципіне құрылғанда оның , оның жасалуы мүмкін емес, ауысқан кіріккен сөздерді біріккен сөздерден бөліп алып қарау негізсіз деген пікір айтылуда . Бұл пікірді қазіргі тіл білімімізде көпшілік лингвистер қолдайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет