1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет1/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
гост казак тили


Билет №1

1.Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп.

Әліпбидің тарихы.

2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен әдістемелік принциптері.

3. Морфологиялық талдау

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің

жүрегі.(Ы.Алтынсарин)
1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп.

Әліпбидің тарихы.
Дыбыстардың құрамы

Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.


Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет