Оқытудың шамаға лайық жүйелілік принципі.
Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада үш сатыда (бастауыш, орта және жоғары сыныпта) берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан – сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. (Мысалы, 5 сыныптағы «Лексика» тарауы 6 сыныптағы «Фразеология» тақырыбымен толықтырылады)
Оқушылар көргенін, жазғанын, және қолмен ұстағанын тез қабылдайды, жадында ұзақ уақыт сақтайды. Ал есту бойынша қабылдауда берік психологиялық мүмкіндік бола алмайды. Жүйелілік оқушының білім алуында да, тапсырманы орындауда да жүзеге асады. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тілдік матриалды - теориялық мағлұматтарды белгілі бір орын тәртібімен өткізіп, жаттығу жүргізу мақсат етіледі. Сөйтіп теориялық матералдар емлелік обьектілермен ұштастырылады. Қазақ тіліне байланысты оқушылардың сөздік қоры бірте – бірте шоғырландырылып, іс жүзінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырылады. Осыған орай оқыту әдістемесі де шамаға лайық жүйелілік байланыста болу қажет.
3. Морфологиялық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |