Мысалдарды оқыту. Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:
а) аллегориямен айтылатыны.
ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.
б) оның оқылу ерекшелігі.
Осыдан келіп, мынадай методикалық сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұңдай сүраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмүнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.
Мысалдардағы аллегорияны ашу жұмысын 5 класта мынадай тәсілмен іске асыруға болады. Мұнда мысалда суреттелген оқиғаға ұқсас оқиға іздестіріледі. Айталық, И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалы оқылғаннан кейін, біреудің қолындағы нәрсесін алдап алу өмірде кездесе ме дегендей сұрау қою арқылы, ондағы негізгі ойды түсінуге жеңілдік жасалады. Кейбір жағдайда мысалда суреттелген оқиғаға өмірде болатын ұқсас оқиға табу жұмысы мысал оқылмас бұрын, алдын ала дайындық әңгіменің барысында жүргізіледі.
Мысалдың екінші ерекшелігі– онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар қорытынды пікір болатындығы. Ол қысқа түрде текстің басында немесе аяғында беріледі. Мысалы, «Қарға мен түлкі» мысалынан шығатын қорытынды текстің басында берілген:
Жұрт біледі, күледі,
Сұрқия тілдің жаманын.
Қошеметшілердің амалын,
Сонда да солар қайда жоқ,
Ептеп айтса, ересің,
Артынан өкінсең де пайда жоқ...
Мысал оқытуда осындай қорытынды пікірді пайдалапып, құрғақ сөзбен «Мұндай жаман мінез-құлықтан, іс-әрекеттен аулақ болу керек» деудің оқушыларына әсері шамалы болады. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс. Осыған орай, мысалдан шығатын қорытынды пікірді оның мазмүны талданып болғаннан кейіи оқуға болады. Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі — оны дауыстап оқу тәсілінде.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:
1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың ағыналарын аша кетеді.
2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
3. Мысалдың мазмұны талданылады.
4. Мысалдыц кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындада әңгімеленеді.
5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін. Іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
6. Рольге бөліп оқытылады.
3. Фонетикалық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |