1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет56/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Қазақ тілінің жалғаулар түрлері:

  1. Септік

  2. Көптік

  3. Тәуелдiк


Көптік жалғаулар (Множественное число)

дар/дер

л, м, н, ң, ж, з

тар/тер

қатаң дауыссыздар + б, в, г, д

лар/лер

дауыстылар + й, р, у



Мысалы: оқулықтар,қағаздар,оқушылар,т.б.
Тәуелдік жалғаулар (Притяжательные окончания)

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.



Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Жалғаулар (Окончания)

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Менің

ым/ім, м

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сенің

ың/ің, ң

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіздің

ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Оның

сы/сі, ы/і

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біздің

ымыз/іміз, мыз/міз

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендердiң__ың/ің,_ң'>Сендердiң

ың/ің, ң

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздердің__ыңыз/іңіз,_ңыз/ңіз'>Сіздердің

ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олардың__сы/сі,_ы/і______Мысалы_(Например)'>Олардың

сы/сі, ы/і




Мысалы (Например):

Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Мектеп (Школа)

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Менің

мектебім

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сенің

мектебің

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіздің

мектебіңіз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Оның

мектебі

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біздің

мектебіміз

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендердiң

мектептерің

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздердің

мектептеріңіз

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олардың

мектептері



Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.



Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Жалғаулар (Окончания)

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Мен

мын/мiн, бын/бiн, пын/пiн

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сен

сың/сiң

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіз

сыз/сiз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Ол

-

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біз

мыз/мiз, быз/бiз, пыз/пiз

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендер

сыңдар/сiңдер

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздер

сыздар/сiздер

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олар

-



Мысалы (Например):

  • Мен дәрігермін.

  • Мен он тоғыздамын.

  • Біз жақсымыз.

  • Біз дәрігер емеспіз.



  • 2-жағы

Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Жалғаулар (Окончания)

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Мен

м

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сен

ң

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіз

ңыз/ңiз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Ол

-

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біз

қ/к

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендер

ңдар/ңдер

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздер

ңыздар/ңiздер

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олар





2.Пунктуацияны оқыту жолдары.

Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының тыныс белгісін еркін қоюын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің пунктуациялық іскерлігі болуы тиіс. Ондай іскерлікті пунктуацияны оқыту әдістемесі қарастырады.Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытудың мақсаты – оқушылардың пунктуациялық саутаттылығын, жазуда, тыныс белгісін дұрыс қою іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: толық және біршама сауаттылық. Толық сауаттылық – пунктуациялық норманы толық игеру, ал біршама сауаттылық – пунктуациялық ережелердің белгілі бір бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық қалыптасты. Біршама сауаттылық деңгейін оқылатын пунктуациялық ережелердің саны мен бағалау нормасының талабы айқындайды. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытуда: танымдық және практикалық мақсат қойылады.

Танымдық мақсат. Пунктуациялық норманы меңгеру үшін пунктуациялық іскерлікті қалыптастыратын пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда:

– пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу;

– пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру;

– тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу;

– бағдарламадағы пунктуациялық ережелерді меңгеру.

Практикалық мақсат:

– оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;

– оқылған ережелерге сай белгілерін қоя білуге үйрету;

– тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу;

– тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге үйрету.

Пунктуация: логикалық, синтаксистік және интонациялық принциптерді басшылыққа алады. Қазіргі пунктуация негізінен семантика-грамматикалық принципке негізделеді. Бұның компоненттері – сөйлемнің мағынасы мен грамматикалық құрылысы.

Тыныс белгісі бір ережеге сай қойылады. Әрбір пунктуациялық ережеге тыныс белгісімен бөлінетін мағыналы бөлшек сай келеді. Тыныс белгісін қоюда позитивті және негативті жағдайлар болады. Мысалы: бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу керек (позитив) егер олар шылаулармен (және) байланысса, (негатив) қойылмайды. Пунктуациялық ұғымдарға: тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қызметі, пунктуациялық-мағыналық бөлшек, тыныс белгісін қоюдағы белгілер, пунктуациялық норма, пунктуациялық қате жатады.

Пунктуациялық норма – ережеге байланысты тыныс белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан оқушы. Сызықшаның қойылуы пунктуациялық норма, егер қойылмаса нормадан ауытқу.

Тыныс белгісі – жазуда қолданылатын графикалық тәсіл.

Пунктуациялық қате тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.

Бастауыш сыныпта пунктуациялық іскерліктің мынадай түрлері қалыптасуы қажет:

– коммуникативтік единицаны, мағыналық бөлшекті, (тыныс белгісін керек ететін) таба білу;

– өтілген ережеге сай тыныс белгісін қоя білу;

– тыныс белгісінің қойылу себебін дәлелдей алу,

– лепті сөйлемді жай сөйлемнен бөле алу;

– интонацияның түрін ажытара білу;

– автор сөзін басқа біреудің сөзінен ажырата білу;

– пунктуациялық талдау жасай білу;

Пунктуацияны оқытуда бастауыш сыныпта негізінен мұғалімнің сөзі, әңгіме, бақылау, талдау, оқушылардың өз бетімен жұмысы, салыстыру, ауыстыру, пунктуациялық талдау, т.б. әдіс, тәсілдер қолданылады. Пунктуациялық талдау толық (сөйлемдегі барлық тыныс белгісіне тоқталу), не ішінара (бір ғана тыныс белгіге тоқталу) жүргізілуі мүмкін.

Пунктуациялық талдауда:

– тыныс белгісі аталады, қызметі айқындалады;

– мағыналық бөлшек оқылады, тыныс белгісі қойылады.

Пунктуациялық іскерлікті қалыптастыруда орындалатын жаттығудың маңызы зор. Жаттығуларға: көшіріп жазу (тыныс белгісін қойып), диктант (белгілі бір тыныс белгісіне қарай) схема арқылы сөйлем құрау, тыныс белгісін қою (құрмалас сөйлемдер құрау) творчестволық жұмыс (мазмұндама, шығарма жаздырту, тыныс белгісінқойдыру, себебін айтқызу, мәнерлеп оқыту, интонациясын дұрыс қойып оқу), техникалық құралдарды пайдалану (эпидиаскоп арқылы сөйлемді тақтаға түсіріп, оқушыларға тыныс белгісін қойдырту) т.б. жатады. Пунктуация – сөйлемді және мәтінді коммуникативтік единицаларды жазуда мағыналық бөліктерге бөлудің графикалық тәсілі. Осыған орай пунктуациялық норманы теориялық тұрғыдан меңгерудің маңызы зор. Тыныс белгілерін дұрыс қоя білу – сауаттылықты арттырады, әрі синтаксисті жете меңгеруге көмектеседі. Тіліміздегі сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері, тыныс белгілерін «оқудың нотасы» дейтін себебіміз де сондықтан. Олай болса, әрбір тыныс белгісі – сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш.

3.Синтаксистік талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет