1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет102/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Отыр,түр,жатыр,жүр деген 4 етістікке жіктік жалғауы тікелей жалғанады: отырмын,отырсың,отырсыз;

  • Етістіктің -а (е/й) ып,іп,п жұрнақты көсемше қатысқан түрінің Ш-жағында арнаулы жіктік жалғауы бар: Ол барады, барыпты


    Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.

    Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.



    Қазақ тілінде етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

    Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.

    Осы шақтың 2 түрі бар:



    1) Ауыспалы осы шақ.

    2) Нақ осы шақ.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   157




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет