1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет99/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Сөйлеу мәдениеті - үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»,– деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы маңызды. Сондықтан мұғалімнің сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйекті дәлділігімен, тыңдаушыларды баурап алып кететіндігімен үлгі болуы тиіс. Ұстаз сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар. Халқымыз жақсы сөйлей білетін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарды былай топтауға болады:

- сөздің жүйелі, түсінікті болуы;

- сөздің оқушының жасерекшелігіне сай құрылуы;

- сөйлегенде дыбыстардың дұрыс айтылуы;

- дауыс күшінің сақталуы;

- сауатты, қатесіз жазу;

- сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтармен дыбыстау;

- сөйлегенде сөз тұлғаларын сақтау, қосымша сөздерді өз орнымен қолдану;

- сөйлеу әдебінің сақталуы;

- сөйлегенде ойдың көлемі мен мазмұндық құрылымын сақтау.

Осы көрсетілген талаптар ұстаз бойынан табылатын болса, мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жоғары деп санауға болады.

Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу – барлық пән мұғалімдері мен қатар, тәрбиешілердің де міндеттерінің бірі. Шәкірттерді өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің басты бір элементі. Өйткені К.Д.Ушинский айтқандай: «Адамның кір жуып, кіндік кесен жерінің тау мен тасы, орманы мен өзені, дауылы мен найзағайы, одан сонымен қатар халықтың рухани өмірінің тарихы да көрінеді». Ана тілінің жанжақты қалыптасуындағы құдіретті күші туралы ұлағатты сөздер ұстаздар қауымының жадында болуы тиіс. Қазақтың ойшыл ақыны С.Торайғыров өз кезінде осындай тіл бұрмалаушыларға қарсы шыққан еді. Ана тілінде ол «Шүлдірлеп, шолжыңдап, жығылып-сүрініп жүруге болмайды, ол қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы» деді.

Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл – ұлттың жаны, халық тарихы, өркениеттің және мәдениеттің даму жолы, олай болса ана тілінде шұбарламай сөйлесу – білімділіктің ең басты факторы, мәдениеттілігіміздің іс жүзіндегі көрінісі.



Жұрт алдында сөйлеуде ескерер 8 қағида Жұрт алдында сөйлеудің де өзіндік қағидалары болады. Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын аудара алу – бұл өзіңе жүктелген міндеттің басты шарты.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіп алған дұрыс. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалғаны абзал. Онымен қоса жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды да ескергені құба-құп. 1. Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айта беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі. 2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен белгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады. 3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмасы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезінетін болсын. 4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруге қажет. 5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалмай, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырған мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады. 6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ. 7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл. 8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болды. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен ойдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.


3. Фонетикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет