1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


) білімсіз бақ – әлдекімнің азығы



бет96/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

2) білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Бақ азығы-қиысу арқылы байланысқан, толықтауыштық қатынас,,(-нің ілік септігінің жалғауы жасырылып тұр),есімді сөз тіркесі.

Әлдекімнің азығы-меңгеру арқылы байланысқан,толықтауыштық қатынас,есімді сөз тіркесі.

Білімсіз азығы-қабысу арқылы байланысқан,анықтауыштық қатынас,есімді сөз тіркесі.


Билет №21

1. Шылау, оның түрлері, емлесі.

2. Тіл мәдениеті.Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Жұрт алдында

сөйлеу.


3. Фонетикалық талдау

Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп. (М.Өтемісұлы)
1. Шылау, оның түрлері, емлесі.

Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :

1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.

4) Шылаулар түрленбейді.

Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер

Жалғаулықтар

Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады.

 Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.


2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.


3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.


4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.



Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.

Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді.

Атау септікті меңгеретін септеуліктер



  • Үшін

  • Сайын

  • Сияқты

  • Туралы

  • Арқылы

  • Бойы, бойымен

  • Шамалы, шақты, қаралы

  • Ғұрлы (ғұрлым)

Барыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Шейін (дейін)

  • Қарай, таман

  • Салым, тарта, жуық, таяу

Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер

  • Гөрі

  • Бері

  • Кейін

  • Соң

  • Бұрын

  • Бетер

Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер

  • қатар, бірге, қоса

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.

Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар



  • сұраулық

  • шектік

  • нақтылық

  • күшейткіш

  • болжалдық

  • болымсыздық

  • қомсыну

демеуліктері болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет