1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет115/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Шақыру одағайлары

Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.



Көңіл-күй одағайлары

Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

  • а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);

  • ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);

  • б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.


2.Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерін оқыту құралдары.

Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушы қабілеті дегеніміз – оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймыз. СТО -дағы мұғалімнің басты міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.

Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе «Мағынаны тану» кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдалану – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге үйрететін ұтымды жол. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында байланыстар құрауға дағдыланады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет – «Ой толғаныс» кезеңі. Бұл кезеңде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «5 жолды өлең» «Венн» диаграммасы, «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегияларды тапсырмалардың ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолданып жүрміз. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінің сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог әдіскер-ғалымдар жан-жақты талдаулар беріп жүр (И.Т.Огородников, В.П.Беспалько, Ш.П.Раченко, Ю.К.Бабанский).

Ю.К. Бабанский өз анықтамасында: «Сапаландыру –нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау» деген.

3.Лексикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет