1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін



бет6/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:

- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;

- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;

- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар

Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.

Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар

Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.

Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет