1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп


ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты; ү



бет5/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;

ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесі

Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:

- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;

- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде - бәсең үн болады;

- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;

- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;

- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;



дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет