АЛТЫНСАРИН,
Ыбырай Алтынсарин
(1841–1889) —
қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы,
этнограф, фольклоршы. Ол өз заманындағы алдыңғы қатарлы
ойшылы, адамгершіл,
ағартушы-демократ
болды. Оның
еңбектері,
мақалалары,
хаттары
олардың
дүниеге
материалистік
көзқарастары,
тәжірибиелі
қиялдық
анықтаушы тұрғысынан жазылды. «Білім дегеніміз өзімізді
қоршаған шындықты танып білу» деп түйіндеді Ыбырай. Ол мектептегі
діни–схоластикалық оқуға қарсы шықты.
АЛТЫНТАШ
,
Алтынташ Хайрани
(1942) — қазіргі заманғы мұсылман
әлемінің атақты ойшылы. Түркияның Ақшехирінде туып-өскен. 1962-
1967ж.ж. Анкара университетінің дінтану факультетінде оқыған. 1970ж.
Чумра лицейінде, 1971ж. Кониядағы Қаратай лицейінде ұстаздық еткен.
1971-1977ж.ж. Париждегі Сорбонн университетінде доктор-ассистент болып
жұмыс істейді, доцент (1982), профессор (1988) ғылыми атақтарын алады.
Тунисте және Германияда ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1987-
2002ж.ж. Алжирдегі Константин университетінде, Анкара университетінің
Әлеуметтік ғылымдар институтында, дінтану факультетінде түрлі қызметтер
атқарады. Ғалымның жеті кітабы жарық көрген: исламда философиялық
ойлау, суфизм, психология және этика тақырыптарына қатысты 100-ден
астам аударма мақалалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |