КАМПАНЕЛЛА
,
Томмазо
Кампанелла
(1568–1639) —
итальяндық философ және жазушы, алғашқы
утопиялық
социализм
өкілдерінің бірі. Ол философия, жаратылыстану
мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген,
Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін отыз
жылдай түрмеде отырған монах.
Шығармалары:
«Күн
қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика», т.б. «Күн
қаласында» оның тұрғындары – солярийлер әлеуметтік
әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді. Кампанелла
гилозоизм (барлық нәрсенің жаны бар деген түсінік) идеясын универсумға
қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір
сүреміз, теңіз – жердің тері».
Достарыңызбен бөлісу: |