ПАРАМАХАМСА,
Шри Рамакришна Парамахамса
(1836–
1886) — индуизмнің реформаторы, Үндістанның діни
көшбасшысы. Оның мақсаты – Құдайды тану. Ол дінді сол
мақсатқа жетудің бір құралы деп біледі. Индуизм дәстүрі
нирвикальпасамадхи
(тұрақты
медитация)
ретінде
анықтайтын тылсым болмысқа енуінің арқасында әртүрлі
діндер Абсолютті Нақтылыққа жетудің әртүрлі жолдары ғана
және Ақырғы Шындықты ешқашан адами ұғым арқылы
жеткізу мүмкін емес деген пікірге келеді. Ол «ақиқат жалғыз, бірақ даналар
оны әртүрлі атайды» дегенді айтатын Ригведаның пікірімен үндеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |