ПЕРИАНДР,
Периандр Коринфский
(б.д.д. 629–586ж.ж.)
—
жеті кемеңгердің бірі атанған Периандр 40-жылдай Коринфті
билеген екінші тиран. Кипсел және Кратеидің баласы.
Периандрдың тұсында Коринф шаһары гүлдеп көркейеді,
әдемі ғимараттар бой түзейді. Әр тараптан әйгілі ақындар
кеп, билеушінің сарайында айлап жатып мейман болған,
солардың ішінде Дионисидтің құрметіне арнап алғаш рет
елұран шығарған Арион да ат басын тіреген. Периандр
ақындармен дос болып қана қоймай өзі де поэзияға бой ұрған. Ертедегі
ойшылдардың өмірінен дерегі мол тамаша кітап жазып қалдырған атақты
Диоген Лаэрцийдің дерегі бойынша, Периандр өлеңмен екі мыңға жуық
ғақлия жазған. Оның жұмырлап сөзбен түйген асыл ойлары да даналық
мәйегі ретінде бағаланбақ.
Достарыңызбен бөлісу: |