ФОХТ
,
Карл Фохт
(1817–1895) — философ, вульгарлық
материалист, негізгі кәсібі – дәрігер-жаратылыстанушы.
Философиялық көзқарасы:
адамның пайда болуы туралы
інжілдік ілімді сынады; адамды маймылдың жақын туысы
деп санады; социализм идеясына мүлде қарсы болды, өйткені
социализм адамның табиғи жаратылысына жат құбылыс;
ойлау мен сананы физиологиялық-химиялық процесс, яғни
«бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай
шығарады» деп санады.
ФРАНК
,
Семен Людвигович Франк
(1877–1950) — орыстың
діни философы және психологы. 1922ж. эмиграцияланған.
Оның
философиялық
жолы
«заңды
марксизмнен»
діниидеализмге, экзистенциализм мен феноменологияға
дейін созылып жатыр. Оның философиясының негізгі
тақырыбы – рационалді ойды діни сеніммен ұштастыру; адам
және оның өмірінің мәні. Ол социализмді қатты сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |