АКСИОМАТИКАЛЫҚ МЕТОД
— (аксиоматика – деп аксиомалар мен
постулаттардан ғылыми теорияның барлық тұжырымдарын логикалық
дәлелдеу жолымен шығаруды айтады). Аксиоматикалық метод
–
ғылыми
теория құрудың әдісі, оның негізіне бастапқы қағидаттар-аксиомалар,
постулаттар алынады. Аксиомадан теория шығару үшін арнайы тұжырым
шығару ережелері қолданылады. Француз физигі Луи де Бройль былай деп
жазды: «Аксиоматикалық метод классификация мен оқытудың жақсы
методы болуы мүмкін, бірақ ол жаңалық ашудың методы емес».
АҚИҚАТ
— гр. т. «алетейа» - «жасырынбаған», «айғақ» дегенді білдіреді.
Қоршаған дүниені дұрыс бейнелейтін білім.
Достарыңызбен бөлісу: |