негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер – «атомдар» деп білді.
340
философиясында субстанцияның сансыз атрибуттары болады, олардың
ішінде адам ұзына бойлық пен ойлауға ғана қол жеткізе алады.
АТХАРВАВЕДА
(«Жалбарыну, қарғыс айту» Ведасы) — самхиттің соңғы
төртінші бөлімі; дұға, магиялық өлеңдер оқып «емдеу», көптеген
сырқаттарды шөптермен емдеудің ережелері.
АТТРАКТОР
(лат. - өзіне тарту, қамту жақындату) — өзіне қарай
элементтерді тартатын, сөйтіп орталықты құрайтын өзіне тартқыш көптілік
құрылымы.
АХИМСА
— фәни дүниедегі барлық өмір формаларының бірлігі (демек
адам, жан-жануар және бүкіл қоршаған табиғаттың бірігуі). Ахимсаның
басты принципі – өлтірмеу, қоршаған жанды дүниеге зиян, залал келтірмеу.
АШАРИТТЕР
— ашаризм өкілдері (негізін салушы Әбу-ль-Хасан Әли Ибн
Исмаил әл-Ашари (873-935)) - мұсылман теологиясындағы бағыт.
ӘДІС
— гр. тіл. ауд. – зерттеудің, танымның жолы. Яғни танымның саналы
түрде қолданылатын әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: