БЕЙСАНАЛЫҚ
(БЕССОЗНАТЕЛЬНОЕ)
—
адам
санасында
анықталмайтын
психикалық,
тылсым
процестердің
жиынтығы,
мәдениеттануда сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық
сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары.
БЕЙКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
— XIXғ. соңында Ф.Ницше мен
С.Кьеркегордың еңбектерінен бастап қалыптасатын философияның жаңа
түрі. Бейклассикалық философия классикалық
батыстық мәдениеттің
негізгі
қағидаларын қалыптастырады
, ең алдымен, сыртқы және ішкі
табиғатқа қатысы бар үстемдік ету қағидасы, оған ойдың практикасы да
бағынады. Бейклассикалық философия
Шығысқа бет бұрады
және
Шығысқа тән «адам-әлем» тұтас қатынасты батыста орныққан «субьект–
обьект» сияқты бұзылған құрылымның орнына қайта келтіруді мақсат
тұтады.
Бейклассикалық
философия
қағидалары
жүйелі
түрде
М.Хайдеггердің іргелі онтологиясында жасалған.
БЕС ТҮС
— сары, қызыл, көк, ақ, қара; бес дыбыс – қытай музыкасындағы
гамманың бес түрлері; дәмнің бес сезімі – тәтті, қышқыл, ащы, өткір, тұзды.
Лао-цзы мұнда орынсыз сәнденуден сақтандырады, қарапайымдылыққа
шақырады.
БІРЛІК
— ежелгі грек философиясында «көптік» категориясына қарама-
қарсы қойылған категория. Бұл категория неоплатонизмде маңызды болған.
БИБЛИЯ
(грекш. – кітап) — иудаизм мен христиандар қасиетті деп
танитын, құдайға құлшылық ету мен догматиканың негізі болып саналатын,
әр тілде, әр кезеңдерде және әр түрлі сипаттағы жазба мұраларының (б.д.д.
VІІІ – ІІғ.ғ.) жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |