ДИСКУРС
—
лебіздің
әлеуметтік
негізделуін
талдау
үшін
структуралистердің философияға енгізген ұғымы. Терминді постмодернистер
белсенді пайдаланады және ол жалпы ұғымдық және бір мезетте сұхбаттық
құрылым енетін коммуникативті кеңістікті білдіреді.
ДИУАНИ-ХИКМЕТ (АҚЫЛ КІТАБЫ)
— мұсылмандық қағидалары
өлеңмен жазылған дидактикалық дастан (ХІІғ). Авторы -
Қ.А.Иассауи
.
ДУАЛИЗМ
(латынш. – «дуалис» екі жақты немесе екіұдайылық) —
материалдық және рухани мәдениетті екі қарама–қарсы, бірақ негізі мәдени
элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни
мәдениет дуализмі. Не болмаса, әлемде тең құқылы әрі өзара біріне-бірі
келтірілмейтін
екі
бастауды
немесе
субстанцияны
мойындайтын
философиялық ілім. Монизм мен плюрализмге қарама-қарсы тұрады. Жаңа
заман философиясында дуализмді Р.Декарт ұстанған.
Достарыңызбен бөлісу: |