ЭМАНАЦИЯ
(латынш.
–
ағу, таралу) — неоплатонизмде жасалған
философиялық ұғым, ол Ғарыштың ең жоғарғы және кемел сатысынан
төменгі және бейкемел сатыларға түсуді білдіреді.
ЭМПИРИЗМ
(гр. тіл. ауд. – тәжірибие) — көбінесе тәжірбиеге сүйенетін,
сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс пен
бағыт (Тәжірбие мен сезімдік түйсікте болмаған нәрсе, ойда да болмайды).
ЭНТЕЛЕХИЯ
— Аристотельдің қоршаған шындықты және кез-келген
заттың кемелдігін білдіру үшін және сол затты әлеуетті күйден нағыз өмір
сүруге келтіріп, болмыста ұстап тұратын нәрсені белгілеу үшін енгізген
ұғымы (сөздің өзі неологизм болып табылады).
Достарыңызбен бөлісу: |