1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет452/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   454
Байланысты:
Totin Filosofia

ЭНЦИКЛОПЕДИСТЕР  ІЛІМІ 

—  атақты  француз  «Энциклопедиясын» 

шығару  барысында (1751-1788ж.ж.)  сол  кездегі  табиғаттану  ғылымдарының 

жетістіктеріне  сүйенген  бір  топ  ойшыл  ғұламалардың  дүниетанымдық 

көзқарастары  дүниеге  келді.  Негізгі  өкілдері  мен  олардың  еңбектері: 



Дени 

Дидро

  (1713-1784)  «Рамо  жиені», 



Ламетри

  (1709-1752)  «Адам-машина», 



Гольбах

  (1723-1789)  «Табиғат  жүйесі», 



Гельвеций

  (1715-1771)  «Адам 




 

398 


 

туралы»,  т.б.  Энциклопедистердің  пікірінше,  әлемнің  түпнегізі  –  табиғат, 

материя.  Оның  негізгі  қасиеттері:  кеңістікте  көсілу,  салмақ,  бірлік,  түр 

(форма), қозғалыс.  

 

ЭПИКУРИЗМ 

—  ежелгі  грек  философиясындағы  материалистік  бағыттағы 

мектеп. Негізін қалаушы – антиктік ақыл иесі – Эпикур. 

 

 



ЭПИСТЕМА 

(грекш.  –  бөлім)  —  нақты  тарихи  кезеңдегі  білім  шеңберін 

белгілейтін тәжірибеден бұрын берілген тарихи өзгермелі құрылымдар. 

 

ЭПИСТЕМОЛОГИЯ 

—  философиялық  таным  теориясы,  таным  жөніндегі 

ілім. 


 

ЭПОС 

—  грек  тілінен  ауд.  –  ерте  заманнан  қазіргі  ел  ауызында  сақталып 

қалған (батырлар жайлы)  сөз, баяндау, әңгіме, өлең. 

 

ЭРОС 

— ежелгі грек нанымында Махаббат Құдайы. 

 

ЭЙДОС 

—  Платон  философиясында  «идея»  терминінің  синонимі  –  жалқы 

заттардың  трансцендентті  ақылмен  жетерлік  формасы-үлгісі.  Ол  заттардан 

жеке өмір сүреді және оларға қатысты болады. 

 

ЭРОТЕМАТИКА

 (грек. – сауал) — сауал қою өнері. Қарама–қайшы ұғым – 

акроматикалық. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет