1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   454
Байланысты:
Totin Filosofia

БОДРИЙЯР

,

 



Жан  Бодрийяр

  (1929–2007)  —  француз 

социологы,  культурологы  әрі  постмодернист-философы, 

фотограф.  Белгі,  рәміздік  обьектілер  және  коммуникация 

саласында  айрықша  философиялық  теория  жасаушы. 

Постиндустриялық 

қоғам 

мәселелерін 



зерттеумен 

шұғылданды. 



Шығармалары:

  «Заттар  жүйесі»  (1968), 

«Өндіріс  айнасы»  (1973)  және  «Өнбейтін  стратегиялар» 

(1983) және т.б. 

 

 

БОДЕН



,

 

Жан  Боден

 

(1529–1596)  —  француз  философы  және 

құқықтанушысы,  әсіресе  егемендік  туралы  еңбегімен  (1576) 

белгілі.  Ол  дін  тарихы  (Құдай  әлемді  неге  жаратты,  адамды 

басқару  үшін  нені  белгіледі),  жаратылыс  тарихы  (әлемнің 

физикалық заңдары) және адам тарихы (басқарудың құрылымы 

мен  дамуы)  деп  бөліп,  толық  білім  жүйесін  ұсынды.  Боден 

алдында мынадай сұрақ тұрды: саяси тәртіп құдайдың тәртібін 

бейнелеуге  тиісті  болғанымен,  діни  соғыстар  кезінде  (1559-1589)  Франция 

тәртіпсіздік  пен  азаматтық  соғыстардың  үлгісі  болды.  Ол  саяси  жағынан 

жақсы  ұйымдастырылған  қоғамда  қоғамның  игілігі  үшін  заңдарды  жасай 

алатын  және  жоя  алатын  суверен  болуға  тиіс  деген  ұсыныс  жасады.  Оның 

жүйесі  христиандыққа  негізделген  болатын  және  кейінірек  абсолютизм 

доктринасына  айналған  іліммен  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын.  Боден 

ұсынысындағы  суверен  барлығын  істеуге  хақылы,  бірақ  тек  құдай  жолын 

жүзеге асыру мақсатында ғана.  




 

268 


 

БОЭЦИЙ 

(480–526) 

—  «соңғы  римдік  және  бірінші  схоласт» 

(М.Грабманның 

сипаттамасы 

бойынша) 

және 

сонымен 


қатар 

ортағасырлықтың  негізін  қалаушы  (Э.Рэнд).  Ол  антик  дәуірінің  рухани-

философиялық  мұрасын  ортағасырлық  мәдениетпен  байланыстырушы, 

антиктік 

интеллектуалдық-философиялық 

дәстүрдің 

ортағасырлық 

руханиятпен  сабақтастығын  жүзеге  асырушы  қуатты  транслятор  болып 

табылады.  Аристотельдік  ілімнің  ұғымдық  аппаратын  рухани  трансляция 

жасап қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық 

проблематиканың  негізін  қаңқасын  да  енгізді:  универсалийлер,  тринитарни 

(Құдыретті  Құдай,  оның  Ұлы  және  Қасиетті  Рух  арақатынастары), 

субстанция, акциденция.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет