БИАНТ
,
Биант
Приенский
(б.д.д.VI-ғасыр)
— атақты
ойшыл, қоғам қайраткері, көне Эллададағы атақты жеті
данышпанның бірі. Тапқыр ой, шешендігімен, мәрттігімен өз
заманында аты шыққан. патша шабуыл жасайды, қала
қоршауда қалады. Үрейленген жұрт ең қажет қымбат
мүліктерін алып, қаша бастайды. Тек Биант қана ештеңе
алмайды. Жұрт таң қалып, түк алмағаның қалай деп
сұрағанда, Биант: «Өзіме қажеттің бәрі өз бойымда» деп
жауап берген екен.
БИРУНИ,
Әбу Райхан Бируни
(973–1048) — Хорезмнен
шыққан ұлы ғалым, тарих, география, филология, астрономия,
математика, геодезия, минерология, фармакология, т.б.
салалардағы көптеген еңбектердің авторы. Ол өз заманында
барлық ғылым салаларынан қанық болған.
Шығармалары:
«Ертедегі ғылымдар хронологиясы», «Үндістанның жазба
бейнесі» деген т.б. ірі еңбектердің авторы.
Достарыңызбен бөлісу: |