1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет369/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   454
Байланысты:
Totin Filosofia

ЛОГОЦЕНТРИЗМ 



 

рационалдылықтың  классикалық  типін  сипаттайтын 

қағида,  бұл  жерде  мәдениеттің  өзегіне  логикалық  құрылымы  бар  ғылымға 

айналады,  ал  жан  мен  рухани  әлемнің  алуан  түрлілігін  білдіретін  барлық 

феномендер екінші орынға ығыстырылады. Логоцентризм қағидасын бірінші 

болып 

Ф.Ницше

, ол философиялық парадигма өзгеретін дәуірді болжаған. 

 

ЛОКАЯТА 

—  (Лока  -  «аймақ,  ел,  кеңістік,  әлем,  жер,  өмір».  Ал  көпшілік 

түрде  –  «адамдар,  халық,  адамзат»,  «осы  дүниедегіні  тарататын,  жердегіге 

қамқорлық  ету»  деген  мағыналар  береді).  Локаяттар  Веда  ілімдерін  жоққа 

шығарады.  Осы  тұрғыдан  Веда дінін, оның  беделін,  ғұламаларын,  ілімдерін 

сынға  алады.  Веданың  дінбасылары,  локаятиктердің  пікірінше,  халықты 

алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен 

кейін  жан  да  өмір  сүрмейді.  Олардың  пікірінше,  әлемдегі  барлық  денелер, 

заттар  махабхут  деп  аталатын  төрт  түпнегізден  тұрады.  Олар:  ауа  (ваю),  от 

(агни),  су  (ап)  және  жер  (кшита).  Махабхуттар  белсенді  және  әрекетшіл 

келеді.  Махабхуттар  өзіне  тән  күштің,  белсенділіктің  арқасында  өзара 

байланысқа  түсіп,  бірігіп,  ыңғайы  келгенде,  бұрын  жеке  алғанда  өздерінде 

жоқ қасиет – сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін 

өмірге 


әкелген 

махабхуттарға 

бөлшектенеді, 

ал 


бөлшектенген 

махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал 

бақыттың өзі – ләззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ләззат пен қасірет 

байланысты,  бірақ  қасірет  буддизмдегі  сияқты  өмірдің  мәні  емес,  оны 

толығымен  жою  мүмкін  емес,  оны  азайту,  жеңілдету  өз  қолымызда. 

Табиғатты,  әлеуметтік  құбылыстарды  танып-білуде  ақыл-ойдан,  сырт  күш 

туралы  ілімдерден,  беделдіктен  пайда  жоқ,  білімді  тек  сезім  мүшелері 

арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нәзік) және дхурта 

(тұрпайы, дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді. 

 

МАГИЯ,  СИҚЫР 

  (грекш.  –  сиқыршылық)  —  белгілі  әрекетке  және 

сөздерге кереметтей қасиет беріп дәріптеуші ерекше күш. 

 

МАЙЯ 

— қиял. Қиялдағы нысанға ұқсас, көруге мүмкіншілікті анықтайтын 

ұғым.  Осы  күштің  арқасында  Құдай  ұлы  сиқыршы  ретінде  өзінің  барлық 

таңқаларлық  нысандарымен  бірге  құбылыстар  әлемін  қиялдауға  шақырады. 

Надан әлем көрінісін шындық ретінде қабылдайды, бірақ осы көріністі түгел 



 

363 


 

көре  отырып,  одан  Құдайдан    –  осы  қиялдың  артында  жасырынып  тұрған 

тұтас шындықтан басқа ештеңені таппаған дана адам болып табылады. 

 

МАҚАЛ-МӘТЕЛ 

—  дәстүрлі  танымның  ситуациялық  философиясы. 

Ритуалдан  тыс  жағдайда  туып,  халықтың  жеке  тұлғалық  қиялына, 

пайымдалуға тиісті белгілі жағдайдың пайда болуына байланысты. 

 

МАРГИНАЛДЫҚ 

(латынш.  – шет, жиектегі, шекарадағы)  — қоғамдағы әр 

түрлі  процестердің  нәтижесінде  (көш–қон,  этномәдени  әрекеттестіктер, 

қоғамдық  жүйелердің  модернизациялануы  және  басқа)  пайда  болатын  өзге 

мәдениет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет