1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет372/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   454
Байланысты:
Totin Filosofia

МАТЕРИАЛДЫҚ  МӘДЕНИЕТ 

—  біртұтас  адамзаттық  мәдениеттің  бір 

бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның 

материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам 

арқылы  ғана  бола  алатын,  демек,  мәдени  мақсатқа  сәйкес  міндеті  және 

өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. 




 

364 


 

МАТЕРИЯ 

—  алдымен  ежелгі  гректің,  кейін  бүкіл  батысевропалық 

философияның  категориясы.  Философияда  материя  формамен  байланысты. 

Материя  қалай  түсінілсе  де,  форма  мен  форманың  арақатынасын  бұлайша 

түсіну үрдісі бүкіл кейінгі батысевропалық философияға тән еді. Аристотель 

философиясында  да  төрт  себеп  туралы  ілім  болған,  олар  –  формальдық, 

материалдық,  мақсаттық  және  әрекеттік  себептер.  Ағылшын  философы 

Т.Гоббс  мақсаттық  және  формальдық  себептерді  алып  тастайды  да, 

материалдық және қозғаушы себептерді біріктіріп, оларды табиғатқа қатысты 

қолданады.  Осылайша  материямен  ажырамастай  байланысты  болатын 

материя мен қозғалыстың категориялары пайда болды. Материяның аталған 

түсінігін  француз  материалистері,  Ф.Энгельс  және  В.Ленин  қабылдайды 

және ол диалектикалық материализмде орнығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет