МИТРАИЗМ, МИТРА
— үнді–иран тілінде келісім немесе келіссөз дегенді
білдіреді, осыған орай екі жақ бір нәрсе туралы келісімге келеді.
МИФ
— қиял, көне аңыз-әңгіме; яғни, ертедегі адамдардың өздерінің
қоршаған ортасы жайлы таным-түсінігі.
МИФОЛОГИЯ
(грекш. «мифос» - аңыз, шежіре, «логос» - сөз, ілім) —
алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық
қоғами сана формасы.
МОДЕЛДЕУ
(латынш. - өлшем, норма, үлгі) — оригиналдың аналогын
жасау, оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі.
МОДЕРНИЗМ
(французш. – ең жаңа, қазіргі) — ХІХғ. соңы мен ХХғ.
ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық–
эстетикалық қозғалыс.
МОКША
— Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен
арылу, әдептіліктің дамыған шыңы, одан кейін жанның (карма) эволюциясы
367
тоқтайды, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқалынан азат болып махатма –
Ұлылық жанға өтеді.
МОНИЗМ
(грекш. - жалғыз немесе жалқы) — әлемде бір бастаудың немесе
субстанцияның болуын мойындайтын философиялық ұстаным. Дуализмге
және плюрализмге қарама-қарсы қойылады.
МОРАЛЬ
(лат. - әдет-ғұрып және әдептілік) — қоғамдық нормалар сферасы,
жоғары ұстанымдар, мұрат, идеал, адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыстарын
реттеу, қалыптастыру қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық
сананың бір формасы.
МӨЛШЕР
— Пифагордың және оның ізбасарларының философиясындағы
барша болмыстың бастауы мен себебі. Платон және жаңа платоншылар
санды болмыстың ұйымдастырушы қағидаты деп есептеген.
Достарыңызбен бөлісу: |