МУАЛЛИМ-ВАТ-ТАЛИБ
— Ұстаз-Шәкірт - мәні жеке рухани-
адамгершілік тәжірибиесін хабарлау болып табылатын исламдық білім
берудің сұхбаттық белгісі. Білім беру практикасында «мактаб», «медресе»
Ұстаз бен Шәкірттің тұлғааралық қатынасы Құдаймен Ұлы байланысқа
бейімділікті дамытты. Олар ілімнің мәні болып табылатын Шәкіртте рухани
және дене күшін қалыптастырды. Бұл қатынастар жеке қатынастар мен
тұлғалық қатынастар формасында ерекше болып табылатын ұрпақтар
байланысын көрсетті.
МУКТИ
— Сансарадан және кармадан босау.
МУТАЗИЛИТ
(оқшауланушылар, бөлектенушілер) — каламның беделді
мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни
мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия
мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |