1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет399/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   454
Байланысты:
Totin Filosofia

РАМАЯНА,  РАМА  ӨМІРІ 

—  санскрит  тілінде  жазылған  «Махабхарата» 

сияқты  ұлы  Үнді  эпостарының  бірі.  Поэма  тарихын  құрайтын  тарихи 

оқиғалар шамамен б.д.д. ХІV–ХІІғ.ғ. қамтиды.

 

 

 



РАЦИОНАЛИЗМ 

(лат. – ақыл немесе ой) — абсолюттік дәйекті білімді тек 

парасат, ақылмен ғана тануға болады дейтін 

философиялық әдіс пен бағыт

 

(«Бар  нәрсеге  күмәндануымыз  мүмкін,  ал  күмәннің  болуы  ақыл,  ойдың 



жемісі»).  Басқаша  айтқанда,  болмыстың,  адами  танымның  және  адами  іс-

әрекеттердің  негізінде  ақыл  немесе  пайым  жатады  дегенге  саятын 

философиялық-дүниетанымдық ұстаным. 

 

РАЦИОНАЛДЫЛЫҚ 

—  болмыстың  онтологиялық  сипатымен,  яғни 

адамның қоршаған ортаға деген көзқарасының тәсілімен анықталатын ойлау, 

таным  қызметінің  ерекше  бір  түрі.  Рационалдылықтың  классикалық  түріне 

логоцентризм,  танымның  барлық  бейлогикалық,  иррационалды  деп 

жарияланатын түрлерінен (интуиция, бейсаналық, жан жылуы, махаббат пен 

ғадауат,  жүрек  өмірі)  бас  тарту  тән.  Бейклассикалық  философия 

рационалдылықтың  жаңа  түрін  жасайды,  ол  жерде  ақыл  интуициямен  және 

сезіммен байытылып, бұрын иррационалды есептелген нәрсені қабылдайды. 

Бұл  ұстаным  Шығыспен  сұхбатқа  дайын  болуды  білдіреді  және  Абайдың 

ақыл мен жүректің бірлігі туралы іліміне өте жақын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет