РИЗОМА
—
постмодернистердің ботаникадан алған термині. Ризома (өмір
ағашы
–
бәйтерек, таным ағашы) орталығы бар (тамыры), діңі бар (негізгі
ғылымдар-физикалар) және бұтақтары бар (басқа пәндер) классикалық ағаш
метафорасына қарсы қойылады. Постмодерн мәдениеті осындай ризомаға
ұқсатылады.
РЕНЕССАНС, ҚАЙТА ӨРЛЕУ
немесе
ҚАЙТА ДӘУІРЛЕУ
— Батыс
Европа мәдениетінің, өнерінің, ғылымының даму кезеңі (ХІV–ХVІғ.ғ),
антикалық кезеңдегі идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және
ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда
болып, кейіннен Европаның басқа аймақтарына да таралды.
РЕФЛЕКСИЯ
(латынш. «бейнелеу») — күмәнға, қайшылыққа, жеке
психикалық жағдайды талдауға толы ойлар.
РЕФОРМАЦИЯ
(латынш. – қайта құру, түзету) — римдік католиктік
шіркеудің монополиясына, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан
түсіндіруге қарсы бағатталған Солтүстік және Орталық Европадағы ХVІғ.
Достарыңызбен бөлісу: |