ІРГЕЛІ ОНТОЛОГИЯ
— қазіргі философияның бір бағыты, онда батыстық
философияның категориялық негіздері қайта қарастырылып,
Шығысқа
қарай бетбұрыс жасалады
. Батыс онтологиясы «субьект-обьект»
құрылымына негізделген және ол енді «адам-әлем» тұтас қатынасқа
алмастырылады.
Іргелі
онтология
герменевтика,
экзистенциализм,
персонализм, кейін постмодернизмге де ықпал етті. Оның негізін қалаушы
неміс философы -
Мартин Хайдеггер.
ФАНТАЗИЯ
(грекш. – қиял жемісі) — бұл ұғымның мәдениеттанулық мәні
адам қиялының идеалды қайта құрушы мүмкіншілігімен байланысты.
ФАТАЛИЗМ
(лат. – тағдыр және лат. – қашып құтылмайтын) —
антидиалектикалық дүниетанымдық тұжырымдама. Фатализмге сәйкес
дүниеде орын алатын барлық құбылыстар мен процестер алдын – ала
белгіленіп қойылған, яғни әлемде тағдыр, жазмыштың бұлтартпас үкімі
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |