Жаратылыстанудың ғылыми негізі. Кірігу және пәнаралық байланыстар Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.
Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы дамиды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттардың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от - өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа – сегіз жақты көпбұрыш тағы басқалар).
Антикалық дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғұрыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушылық орта ғасырда антикалық уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олрадың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз – ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:
Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі.. табиғатқа деген көзқарас библия концепцияларының цензурасынан өтті.
Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары – астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар өазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық тұрғыдан түсіндірудің алғашқы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар – Коперник, Кеплер, Галилей тұрды.
Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі – дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.