Хаттама Анықтамасы



Pdf көрінісі
Дата15.12.2022
өлшемі1,35 Mb.
#162939
Байланысты:
7-апта Хаттама



Хаттама


Анықтамасы
Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде,
конференцияларда және ал-
қалық органдардың мәжілістерінде
мәселені талқылау, шешім шығару мен
қаулы қабылдаудың барысы туралы
мәлімет беретін құжат.


Хаттаманың күні
(отырыс, мәжіліс)
жиналыс өткен күн
болып табылады, ал
хаттаманың нөмірі
алқалық орган
отырысының реттік
нөмірі болады (реттік
нөмір жыл басынан
басталады).


Хаттаманың түрлері:
1. Қысқа хаттамалар жиналыс барысында
жазылады. Бірақ қысқа
хаттамада сөйлеген сөздердің, тыңдалған
мәселелердің толық мәтіні келтірілмейді. Тек қана
қосымша ретінде (мысалы, тыңдалған жылдық
есеп, баяндама т.б.) тіркеледі.
Қысқаша хаттама талқылау кезінде айтылған
ескертпелер мен пікірлердің сипаты туралы түсінік
алуға мүмкіндік бермейді. Хаттаманың бұл түрі
жедел мәжіліс өткізгенде не сөйлеген сөздердің
мәтіндері хаттамаға қоса берілгенде немесе
стенограмма бар болғанда жасалады.
2. Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің мәтіні
толық көрсетіледі.


Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі
айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық
жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық
жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс
толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа
сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа
қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол
қабылданған қаулының неме- се шығарылған шешімнің
жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Мәжіліс, отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша
көп жағдайда қаулы қабылданады, я болмаса шешім
шығарылады. Ал қабылданған қаулы мен шығарылған
шешімнің жүзеге асырылуы міндетті, сондықтан хаттама
мазмұн-мақсатына қарай өкілетті құжат бо- лып табылады.
Жиналыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы
жазылады. Хат- тама нақтыланады, тексеріледі,
редакцияланады және 5 күндік мерзімде толық рәсімделеді.
Толық дайындалған хаттамаға төраға және хатшы қол қояды.


Хаттаманың мәтіні 2 бөліктен тұрады: 
• Кіріспе бөлік.
• Негізгі бөлік.


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет