Апопласт – өсімдік жасушалары қабырғаларының арасындағы бос кеңістік. Яғни жасушааралық сұйықтыққа толмаған жасушааралық кеңістік. Өсімдіктердегі симпласт
Апопласт – өсімдік жасушалары қабырғаларының арасындағы бос кеңістік. Яғни жасушааралық сұйықтыққа толмаған жасушааралық кеңістік.
Өсімдіктердегі симпласт дегеніміз – жасуша қабырғасы мен қабықшасынсыз жасуша цитоплазмасының жиынтығы. Бұл әртүрлі жасушалардың бірыңғай құрамы, олардың цитоплазмасы тұтас қарастырылады. Симпласты тасымал – бұл бір жасушаның цитоплазмасынан саңылаулар, плазмодесма немесе цитоплазмалық тартпа арқылы басқа жасушаға ағуы.
Вакуольді тасымал– бұл бір жасушаның вакуолінен сұйықтықтың басқа жасушадағы вакуольге түсуі. Вакуоль деген басқа жасушаның осындай көпіршігімен ешқандай байланыспаған жасуша цитоплазмасында болатын сұйықтығы бар көпіршік. Вакуольді тасымал арқылы сұйықтық (су немесе оның ерітіндісі) ағуы үшін ол бірнеше құрылым арқылы өтуі қажет.