АБДО
,
Мұхаммед Абдо
(1849–1905) — қазіргі заманғы
мұсылман философиясының өкілі. Білім беру саласының
реформаторы, теолог, ғалым, Египет муфтиі (1898-1905). Әл-
Афганидің шәкірті, оның идеяларын жалғастырушы. Өз
еңбектерінде әділдік идеясын жазды, исламдық биліктің мәні
мен мағынасы мәселелерімен айналысты. Оның әлеуметтік-
саяси ілімі: еркіндік, «аш-шура» – исламдық кеңесшілдік
ұстыны (исламдық консенсус), заң туралы ережелерде негізделеді.
АВГУСТИН,
Аврелий
Августин
(354–430) — Киелі
Августин, Әулие Августин–Гиппонский епископы, философ,
христиандық құдайсөзінің білгірі (богослов) және саясаткер.
Шіркеу-Церковь Әкейлерінің бірегейі,
августинизм
нің негізін
қалаушы. Христиандық тарих философиясының көшбасшысы.
XIIIғ. дейін Августиннің неоплатонизмі батысевропалық
255
философияда
және
католиктік
теологияда
үстемдік
етіп
келді.
Шығармалары:
«Тәубеге келу», «Құдай шаһары жөнінде» («О граде
Божием») деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |