195
Қосымша сұрақтар:
Дін (религия)
–
дегеніміз не?
Діннің қазіргі қоғамда алар орны.
Қазақ Елінің Ата-Заңында дін туралы не айтылған?
Діннің адамның рухани өміріндегі алар орны немен анықталады?
Діннің адам баласын біріктірудегі рөлі қандай?
Діни сана
–
дегеніміз не?, оны қайдан көруге болады?
Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
Бүкіл дүниені жарату бір уақытта болған, Құдай барлығының
мөлшерін, салмағын және тәртібін өлшеп қойған (А.Августин).
Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта! (Абай).
Жоқтаудың ортақ сипаты – Тәңіріге жалбарыну (Ш.Уәлиханов).
Дін мен ғылым – толық таным актісінің өзара тығыз байланысты екі
жағы (П.Т.де Шарден).
Ұлы діндердің қай-қайсысы да адамды материядан биікке көтеруді
мұрат тұтады (П.Т.де Шарден).
Құдайға сену – өмірдің мәні туралы мәселені түсіну деген сөз. Құдайға
сену – дүние деректерінен басқа бірдеңелер бар деген сөз. Құдайға сену
– өмірдің мәні болатындығын білу деген сөз. Екі әулием бар: дүние
және менің ешкімге тәуелсіз өз «менім». Мен не бақытты, не бақытсыз
ғана бола аламын: бар болғаны осы ғана. Жақсылық дегендер жоқ десе
де болады (Л.Витгенштейн).
Актер – Құдай емес, «қарсы – Құдай» болуы ықтимал (Ж.Делез).
Ғылымдағы дәлдік пен ғылыми тілдегі дәлдік терминнің дәлдігіне
байланысты деп ойлау соқыр сенімге жатады (К.Поппер).
Қытай діні үшін уақыт дегеніміз – бір нәрсені бірнеше мәрте шексіз
қайталау (А.Лосев).
Достарыңызбен бөлісу: