2.
196
7 - БӨЛІМ
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ
Оқу құралының жетінші бөлімінде әлеуметтік философияның маңызды
деген мәселелері мен сауалдары жайлы айтылады. Әсіресе, қоғам өмірінің
басты салалары мен сипаттары, қоғамның құрылымы мен қоғамдық-
экономикалық формациялары, өркениет типтері мен теориялары, әлеуметтік
өмірдің реттегіш-регуляторлары және адам құндылықтарының түрлері,
мемлекет және азаматтық қоғам жайлы кеңірек қамтылған. Оған қосымша
оқу материалы ретінде 8, 9, 10 - бөлімдер ұсынылған.
Сондай-ақ, қоғамдық қатынастардың және әлеуметтік-тарихи дамудың
белгілі философиялық аспектілері қарастырылады.