1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №5. Тақырыбы: Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

Дәріс №5. Тақырыбы: Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
Жоспар

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын молайту әдістерінің 
негіздері.
2. Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар.
3. Мектепке дейінгі бала тілінің дамуының ерекшеліктері.
 
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын молайту 
әдістерінің негіздері.
«Балабақша жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін 
қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және 
тәрбиелеуге тиіс», — делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік 
балабақша реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам 
дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің 
бірі — еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің 
балабақшаларымыздың бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің 
бірі-балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін 
қалыптастыру, 
шығармашылық 
белсенділігін 
арттыру. 
Балабақша 
реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар бүкіл әдісін, 
құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі жетілдіруді қарастыруы, 
балалардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды 
ұсынуы кездейсоқ емес. 
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру 
негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында 
ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға 
үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. 
Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. И.К. Маркстің 
айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл 
арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық 
формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, 
дәлдене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан 
алуан белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының санадағы 
бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық 
құрал ретінде қызмет атқарады.Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы 
сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың
сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне 
айналады. 
Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі 
түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып 
бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз 
байланыста іске асып отырады, Өйткені олардың физиологиялық негізі бір, 
ол негіз — ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. 
Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын 
кинестетикалық сезімдер жатыр. 


69 
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу 
балалардың қабылдауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді, тілін дамытады, 
оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді. 
Психологтардың анықтауынша, ересек топ балаларының қиял дүниесіне 
бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі 
кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы 
басым болады. Олардың бұл ерекшеліктерін шығармашылық жұмысқа 
пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары 
сатысы шығармашылық әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял екі түрлі: 
пассивтік және активтік. Ал активтік қиялдың өзі қайта жасау, 
творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары 
активтік қиялдың екі түрін де дамытады. Өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, 
диафильмдер көру арқылы алуан түрлі оқиғаларды көз алдына елестету — 
қайта жасау қиялының көрінісі болса, бала қиялының бетін шындыққа 
бұрып, іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып 
дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың дамуыка әсер етеді. 
Осыған байланысты, шығарма (әсіресе еркін тақырыпқа), сондай-ақ 
мазмұндама 
жұмыстарын 
түрлендіріп 
жүргізудің 
оқушыларды 
творчестволық жұмысқа үйретуде атқаратын ролінің зор екені келіп шығады. 
Шығарма мен мазмұндамада психикалық таным процестерінің қызметін, 
түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиялды күшейтеді, әсіресе ой қызметінің 
белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп 
жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді, анализаторлардың мидағы 
ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстарын жасайды 
және жетілдіре түседі. 
Шығарма мен мазмұндама жүргізуге дайындалу барысында, әсіресе ересек 
топ балаларының психикасында 1-сигнал системасының қызметі басым 
болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін 
көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, оқиғаны бақылау қабілеттеріне 
сүйену қажет. 
Тексті алдын ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені 
тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тексті жобалап алудың 
қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық 
және синтетикалық жағы неден көрінеді?
1. Сөз таңдағанда бала әңгімеленгелі отырған оқиғаға сай келетін сөздерді 
таңдап ала білсе, бұл — аналитикалық процеес, ал осы сөздерді текстің ішіне 
енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі.
2. Сөйлем құрастыруда — анализ — субъектілер мен предикаттарды 
іріктеп және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу; ал синтез — 
осылардың сөйлем ішінде орын-орнына қойып орналастыру.
3. Текст құрастыруда анализ — тұтас, тексті бірнеше бөлімдерді бір-
бірімен жалғастыру. Жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау — 
анализ арқылы іске асса, сол жасалған жоспар бойынша толық тексті 
құрастырып айтып не жазып беру синтетикалық процесс болып табылады. 


70 
4. Шығарма жазу барысында анализ үнемі синтезден бұрын жүреді, 
анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады. 
5. Психология оқулықтарында мектеп жасындағы балалардың қабылдауы 
эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндамаға 
алынатын текстер мен шығармаға ұсынылатын материалдар балаларда 
болатын көңілділік,. сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты 
қасиеттер ескеріле іріктелуге тиіс. 
Балабақшада балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету 
жұмыстарында да, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның 
практикамен байланыстылығы, көрнекілік, саналылық, түсініктілік, 
оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік принципі ескеріледі. 
Шығарма мен мазмұндама материалдарын іріктеуде балалардың жас 
ерекшеліктері және бұрыннан бар білім қоры мен машықтары, шеберліктері 
есепке алынумен бірге,топта программалық талаптар ескеріліп отырады. Бұл 
жұмыстарда оқушылардың белсенділігін арттыру мен саналылықты жүзеге 
асыру үшін балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын 
тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді 
бақылай білуге, заттар мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы 
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары 
жүргізіледі. Сонымен қатар оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға 
үйрету барысында оларға қандай машықтар берілуге тиіс екені белгіленуі 
қажет. Өйткені баланың бойында бар қасиетті пайдаланып, оларды жаңа 
әдетке тәрбиелейтінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже 
күту қиын. Машықтың физиологиялық механизмі жоғары нерв жүйесіне 
бағынатын шартты рефлекстер, ол бірінші сигнал системасының қатысымен 
екінші сигналдық системада жасалады. Ендеше әдетке бала механикалық 
түрде емес, саналы түрде жаттығады. 
Шығарма, мазмұндама жазу кезінде балалар негізінен мыналарға 
әдеттенеді: дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаның үстіне 
дұрыс қою, әріптерді дұрыс жазу, лексикалық (сөзді дұрыс қолдану), 
морфологиялық және синтаксистік тексті алдык ала синтездеу, ойлау 
операцияларын дұрыс қолдана білу, жазғандарын тексере білу және 
қателерін түзете білу т.б. машықтар. Бұл тәсілдердің қалыптасу дәрежесі әр 
түрлі. Мысалы, егер қаламды дұрыс ұстау, орфографиялық, лексикалық, 
морфологиялық, синтаксистік және тексті алдын-ала синтездеу әлі әлсіз, 
сананың бақылауын қажет етеді. Бұл әдеттердің қалыптасуына, мазмұндама 
мен шығарма жазу жұмыстарының әсері зор. Мазмұндама мен шығарма 
жұмыстарының мақсатының өзі балалардың ойлау қабілетін (анализ, синтез, 
жалпылау, нақтылау, абстракциялау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы 
жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер тұрақтанып, қалыптасады. 
Қорыта келе, психологиялық педагогикалық және методикалық 
әдебиеттердегі пікірлерді жинақтап келе балалар мынандай педагогикалық 
машықтарға үйренуге тиіс: 


71 
1. Мазмұндамада оқылған тексті меңгеріп, сол түсінгендерін өз 
сөздерімен жазуға машықтанады. Бала осыған жаттықпай шығарма жазуға 
көше алмайды. 
2. Шығармада ұсынылған материалға түсініп, оның идеялық-мазмұнын 
ұғу. Мысалы, «Мен қалай кезекші болдым» тақырыбы бойынша шығарма 
жазу тапсырылды делік, оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу кееректігі, 
кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істегені жөнінде 
жазуға тиіс екенін білуі қажет. 
3. Шығарма жазу үшін материал жинау, яғни материал жинау барысында
бақылаудың кейбір тәсілдерін үйрену. Мысалы, «Үй қалай салынды» 
тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың ата-аналарынан 
сұрауы, кейбіреулері кітап оқу арқылы бақылаулары мүмкін. 
4. Жинаған материалдарын жүйелеуге бастауыш сынып оқушылары 
алғашқы кезде мазмұндама жазу арқылы үйренеді. Өйткені материалды 
жүйелеу, оны бөлімге бөлу, ат қою және керісінше, әр бөлімді әңгімеде 
айтылатын ой жүйесіне сай байланыстыру жас балаларға оңайға түспейді.
Бұл үшін олар алдымен дайын текстің жүйесін меңгереді, яғни қандай да 
болмасын, текстің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын ұғады, содан 
кейін бірте-бірте өздері көрген-білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да 
әуелі оны жүйелеп алуға әдеттенеді. Егер оқушы бұған үйренбесе, жинаған 
материалдарын қалай жазуды білмей, білетін нәрселері айтып бере алмай, 
ештеңе жаза алмай, ал кейде отырып жылайтын балалар да кездеседі. 
Мұндайда балаларды шығарма жазуға қызықтырудың орнына керісінше
әсер етеді де, олардың шығарма жазуға ынтасы кемиді. 
5. Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті жеткізіп, айта білуі. Мұны 
шығарма немесе мазмұндама жазғанда тілдік нормасы сақтап, әдеби тілдің 
нормаларын пайдалана білуі. 
6. Балаларлардың жазба жұмыстарын тексеру, түзету, жетілдіре түсу. 
7. Жазған әңгімені белгілі бір тұлғада баяндай білу. 
Осы жұмыс түрлернің бәріне оқушыларды қалай үйрету керек? 
Балаларды орфографиялық, пунктуациялық, морфологиялық, синтаксистік 
машықтарға бірден үйрете алмайтынымыз сияқты, бұл әрекеттерге де 
оқушыларды бірден үйрету оңайға түспейді. Сондықтан бұл тәсілдерді 
қалыптастыруда бірте-бірте бір машықтан екінші машыққа сатылап көшіп 
отыру әдісін қолданған жөн. Мұнда тілдік икемдер белгілі бір жүйемен 
грамматика сабақтарында қалыптасады, ал ойын жүйелі баяндау әдеті оқу 
сабақтарында қалыптасады . 
Балалардың 
психологиялық 
ерекшеліктеріне 
сай 
көрсетілген 
педагогикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды шығарма мен 
мазмұндамаға үйретуде лингвистикалық негіздерге сүйенуге болады. 
Мазмұндама мен шығарма жазудың методикасы үшін грамматиканың, 
әсіресе жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисінің маңызы зор. Өйткені, 
жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесін және 
олардың сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке 


72 
ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесін, құрмалас сөйлем болуын 
тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі сөз тіркесіне байланысты болса,
екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты. Сондықтан сөз 
тіркесі мен сөйлемдер арқылы жүргізілетін жұмыстын, әдістері де тіл 
білімінің осы бөлімінде белгіленеді, яғни сөздердің дұрыс байланысып, 
құрмалас сөйлем құрауы, ойды анық, түсінікті түрде білдіру үшін бірыңғай 
мүшелердің қолданылатыны, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. осы 
бөлімде қарастырылады. Алайда шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету 
үшін жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисін білу жеткіліксіз. Өйткені 
бұл жұмыстарда жеке-жеке сөйдемдер құрастырылып қана қоймайды, 
сонымен қатар тұтас текст жасалады. Ал текст белгілі бір оқиғаны 
баяндайды, сондықтан ондағы әр түрлі мақсатқа, айтушы мен жазушының 
көңіл-күйіне қарай әр сөйлемнің құрылысында, сөз қолданылуында 
ерекшеліктер болады. Осыған орай, тұтас текст синтаксисі келіп шығады. 
Тұтас текст синтаксисі стилистика және әдебиет тану ғылымдарымен 
байланысты. Стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен 
сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принцнптерін 
зерттейді; тіліміздегі бейнелегіш құралдарды топтастырып, олардың стильдік 
қызметін, қолдану заңдылықтарын көрсетеді; ойды мәнерлеп жеткізу үшін 
морфологнялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда, қалай 
қолдануға 
болатынын 
қарастырады, 
яғни 
сөздердің, 
олардың 
варианттарының (синонимдердің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы 
жеткізілетін ойдың эмоционалды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын
сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді. 
Стилистиканы білу сөйлеуде немесе жазуда кеткен қателерді байқап, 
оларды болдырмау шараларын жасауға көмектеседі, жазуға дайындалу 
барысында сөздермен, сөйлемдермен және тұтас текстермен істелетін 
жұмысты дұрыс жолға қоюға септігін тигізеді. Балалар тұтас тексті 
құрастыру барысында тек сөйлемдерге байланысты жұмыстармен 
шектелмейді. Олар енді құрмалас сөйлем синтаксисінің аясынан асыңқырап, 
тұтас текст компоненттерімен жұмыс істейтін болады. Мұнда дұрыс 
құрылған сөйлемдердің арасында өзара толық байланыс болуы қатты 
қадағаланады. Өйткені сөйлемдер қатары сындарлы тізіліп, әрі мағыналық
әрі синтаксистік сымбаттылығы сақталмаса, жазылған тексте көрік те, түсінік 
те болмайды. Сөйтіп, тұтас текст құрауда жүйелілік, сөйлемдер арасындағы 
грамматикалық, мағыналық байланыстарды сақтау принциптерінің мақызы 
зор. Қорыта айтқанда, «ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі 
құламайтын бәйтерегі». Одан көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз 
тобырға айналу. Тіл дамыту сайып келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың 
алғы шарттарының, ең негізгілерінің бірі. 
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ тілінде 
ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ; 
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін 
негізгі қозғаушы күш; 


73 
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге, 
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара 
қарым-қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза; 

баланың 
тіл 
үйрену 
заңдылықтарын 
білу 
тіл 
дамыту 
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді. 
«Ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі». Одан 
көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып 
келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің 
бірі. 
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ тілінде 
ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ; 
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін 
негізгі қозғаушы күш; 
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге, 
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара 
қарым-қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза; 

баланың 
тіл 
үйрену 
заңдылықтарын 
білу 
тіл 
дамыту 
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет