3. Мектепке дейінгі бала тілінің дамуының ерекшеліктері.
Нәресте дүниеге тек тілге потенцалдық қабілетімен ғана келеді. Баланың
қабілеттері мен жеке басты белгілерін, олардың даралық мінез-
құлықтарын, тілін көбіне әлеуметтік орта, отбасының жағдайлары шешеді.
Тіл даму үшін міндетті түрде үлкендермен қарым-қатынаста болуы шарт.
Баланың сөздік қорының баюына - ересектердің қалыптасқан тілі үлкен
себепкер.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау, т.б.)
байқалғанымен, бұлар әлі тіл дыбысының сипаты болмайды. Жылаудың
әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу ағзалары дейінгілер
сөздік қорына негіздей отырып, тілдің тиісті ережелерін білмесе де,
үлкендерге еліктеу арқылы көптеген сөйлемдер құрады. Түзген
сөйлемдердің бәрі сәтті шыкқан дей алмаймыз. Тіл ережесіне қайшы
келетін сөйлемдер де құрады.
Таным процестерінін бірте-бірте дамуы бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер
біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген сөзін естісек, тіл дыбыстарын
анық ажырата алмаймыз. Бізге ол дыбыстар тек шудан тұратын болып
көрінеді. Мұның себебі қалыптаспағандықтан, ана тілімізде естіген сөздер
белгілі ережеге бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есіту деп
атайды. Фонематикалық есіту дегеніміз әркімнің қабылдауының өз тіліне
77
бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды ажырата алмауы. Осы қасиет тек бөбек
жасынан басталып, өз тілінің фонематикалық есіту ерекшелігін басқа
тілдерден дәл ажырата бастайды. Фонематикалық есіту мектепке
дейінгілерде ана тілінде, тереңірек сипатқа ие болады. Мысалы, «көз»
деген сөздін орнына «бөз» деп айтылса бір дыбыстып, өзгерілуі, сол сездің
мағынасын өзгертіп жіберетінін бала сезе алады.
Бөбектің сөйлеуі көбіне ситуацияға (жағдай) тәуелді болып келсе,
мектепке дейінгі балалар (6-7) монолокқа жақын контекстік сөйлеу
формасын игереді. Қонтекстік сөйлеу формасы деп аталу себебі оның
мазмұны хабарламаның бүкіл контексінен түсінікті болуынан. Сөйлеудің
бұл формасы кең көлемде, логикалық жүйеде мазмұндап беруді талап
етеді.
Бала қарым-қатынас жасауға қажетті жаңа сөздер мен грамматикалық
формаларды ересектердің жетілген тілінен, балалар әдебиетінің көркем
туындыларынан
алады.
Мектеп
жасына
дейінгілердің
(6-7)
байланыстырып сөйлеуін дамытуға әсер ететін маңызды көздердің бірі —
үлкендер оқып беретін ертегілер, өлеңдер мен әңгімелер. Ана тілінде
сөйлеуді жүйелі түрде үйрету олардың байланыстырып сөйлеуін дамытуда
жетекші рөл атқарады. Мектепке дейінгі кезеңде ситуациялық және
контекстік сөйлеу формалары қатар орып алады, алайда бала қарым-
қатынастың нақтылы мақсатына қарай оның бірін пайдаланады.
Егер тіл арқылы қарым-қатынас барлық негізгі кезеңде сөйлеушіге де,
тыңдаушыға да кернекі түрде беріліп, түсінікті жағдайда жүзеге
(органдары) нығая түседі. Үшінші айда бала гуілдей бастайды. Төртінші
айдан бастап бала өмірінде былдырлау пайда болады. Бұл әрекет
ересектердің сөзіне еліктеуден туады. Былдырлау нәтижесі сөйлеу
ағзаларын одан әрі нығайтады. Бұл кезедде нәрестеде бірінші
ассоциациялардың элемент пайда болады. Дыбыс сипаттарын аң-
ғартатындығы баиқалады. Мысалы, «тық-тық», десең, қабырғадағы ілулі
сағатқа қарайды. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын
ажырата алады. Алайда олардың мән-мағынасым толық ұға алмайды. Оның
алғашқы сөздері «ата» «әже» «апа», «аға» т.б. болады. Бала алдымен
дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз үнді дыбыстарды, содан кейін
қатаң, ұяң түрлерін меңгереді.
Балаға ызың дауыссыздар мен (ш.ж.) ысылдап шығатын дау-ыссыздарды
ұғыну қиын болады. 11-12 ай толғанда нәресте тілі шыға бастайды. Әуелгі
кезде ол айналадағы заттар мен жан-жануарлардың шығарған дыбысына
еліктейді. Өзі сөйлей алмаса да үлкендердің сөзін түсінеді. Өзгелердің
сөзіне түсіну баланьщ сөйлеуінен бұрын туады. Н.М.Щелованов,
Н.М.Аксарина, Г.Я.Розенгарт-Пупко, М.И.Лисиналардың ғылыми зерттеу
жұмыстарының нәтижесі көрсеткеніндей, нәресте өзінің жымиюы, күлкісі,
«қозғалыс
реакциясы»
(Н.М.Щелованов)
арқылы
айналасындағы
адамдармен ерте қарым-қатынас жасауға талпынады. Бір жасқа толған
сәби әр түрлі сигналдар, сөздер пайдалану арқылы апасы, әпкесі және
78
тәрбиешілерімен қатынасқа түскісі келетінін байқатады.Бір жаста нәресте
10-нан астам сөз біледі. Бірақ ол игерген сөздерімен сөйлем құрастыра
алмайды. Жеке сөздерге сөйлемдік, тіпті одан да көп мазмұн беріп сөйлейді.
Бұл кезеңдегі баланың сөзін сөз-сөйлемдер деп атайды. Мысалы, «апа»
деген сөз бір жағдайда «су ішкім келеді», екінші жағдайда «сыртқа
шығамын», үшінші жағдайда «маған басқа бала тиісіп жатыр» деген
мағынаны білдіруі мүмкін. Сәбидің былайша сөйлей бастауы оның ми
әрекетінде екінші сигналдық жүйеніқ пайда болуымен байланысты
Тіл үйренуге тек адамнын, перзенті ғана қабілетті. Тіпті биологиялық
жағынан аса жақын маймылға да тілді үйретуге болмайды, демек нәресте
де ғана тілге икемділік бар. Осы икемділік іштен туа беріле ме, не жүре
қалыптаса ма деген сұрақ туады. АҚШ ғалымы Н.Хомский балаға
икемділік туа берілетіндігін айтады. Бұл пікірді М.М.Мұқанов қолдайды.
Бірақ белгілі бір тілді меңгеру (ағылшын, өзбек т.б.) қоршаған ортаға,
өмір талабына сай қалыптасады.
Бөбек бір жарым жаста 200-дей сөз біледі. Осы көзден бастап, игерген
сөздерден сөйлем құрауға талпынады. Меңгерген сөздік қорынан бала 1000-
ға тарта сөйлем құрастыра алады. Бала, үш жасқа жеткенде 1200-1300 сөз
біледі. Бұл жастағы балалардың сөйлем құрауы ересектерден кем болмай,
тіпті aнa тілінде кездеспейтін жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның
себебі бөбек қандай сөздер айтуға болатынын, не болмайтынын біле
бермейді. Бұрын соңды іс-тәжірибеде өткізбегендіктен қателіктерге жол
береді. Мұндай сәтсіздіктер үлкендер көмегімен түзетіліп отырылады.
Үш жасар баланың сөздік қоры ете тез молайып, 400-600 сөзге жетеді.
Төрт жаста бұл сөздер екі есеге дейін, ал бес жаста 1500-2000 сөзге
жетеді.
5-7 жас аралығында балалар тек үй ішіндегілермен ғана сөйлесіп қоймай,
аулаға шығып
құрбыларымен ойнайтын болғандықтан әрқайсысының сөздік
қоры бірінің білмегеніп бірі үйрену арқылы бөбекке қарағанда 3 есе арта
түседі. Атап айтқанда, 3200-3800-дей, сөздік қорға ие болады. Мектепке
дейінгілер есінде бар сөз қорына негіздей отырып, тілдің қалыптасқан
ережелерін білмесе де, үлкендердін, сөйлеу әрекетіне еліктей отырып,
мыңдаған сөйлем құра бастайды. Мектепке дейінгі бала тілініқ тағы бір
ерекшілігі сөздік қорында бар морфемалар арқылы сөздерге жаңа
жұрнақтар «желімдей» алу қабілеті.
Егер бөбектің сөздерден сөйлем құрастыру мүмкіндігі шектеулі болса,
(сөйлемнің құрамы 2 сөзден артпайтын болса) енді бұл мүмкіншілігін
есейген сайын арта түседі. Сөйлем құрау тек сан жағынан емес, сапа
жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке асырылса, онда
мұндай жағдайда толық, кең түрде байланыстырып айтып берудін,
қажеттілігі шамалы, оның орнына көбіне қол қимылы, лепті дауыс және
сілтеу есімдіктері мен үстеулер алмастырған ситуациялық сөйлеу формасы
пайда болады.
79
Егер баланың айтайын деген оқиғасы жайында тыңдаушы хабардар
болмаған жағдайда қарым-қатынас жасалатын: болса, онда кең көлемде,
логикалық жүйеде сөйлеу формасын пайдалану қажеттілігі туады. Алайда
мектепке дейінгі баланың контекстік тілі, оның ситуациялық тілін
ығыстырып шығармайды.
Ситуациялық тілмен катар контекстік тіл де мектепке дейінгі жас кезеңде
арнаулы жағдайларда пайда болып, шапшаң дамиды. Көбінесе мынандай
да болады, бала белгілі бір оқиғаны хабарлау барысында ересек кісінің
біріне сөйлеудің ситуациялық формасын, екіншісіне контекстік формасын
пайдалануы мүмкін. Мысалы, балабақшаның ересек тобы тәрбиешісімен
бірге қаладағы зообаққа барды делік. Қайтар жолда олардың бірі өзінің
алған әсерін тәрбиешімен бөліскісі келіп, түрлі сұрақтар береді. Көргендері
жайында таңданысын білдіреді. Айтуынша бала оқиғаны қай жерден бастап
әңгімелесе де бәріне түсінікті болатындықтан ситуациялық тілді
пайдаланды, өйткені тәрбиеші де, басқа балалар да онымен бірге
зообақтағы жануарларды бірге көрген болатын. Ол үйге келген соң, оқымен
бірге зообақта болмаған ата-анасына көрген-білгендерін баяндап береді.
Енді бала контекстік сөйлеуді пайдаланады. Серуенде болған оқиға желісін
байлапыстырып айтып бермесе, тыңдаушылар оны түсінбес еді. Бұран қарап
ситуацияға қатысты сөйлеу тілдің төменгі, ал контекстік ңегізінде сөйлеу
сөйлеудін, жоғарғы сатысы екен деген ұғым тумаса керек. Олай дейтініміз,
кейбір жағдайда ересек өздері де ситуациялық тілді пайдаланатыны жиі
кездеседі. Сөйлеудің бұл формасы, әсіресе бірін-бірі жақын білетін кісілер
арасында жиі кездеседі.
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу
жүзеге асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи
қаракетіне жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жаста бала ауызекі сөйлеу
тілінің күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде меңгеріп
алатыны соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін шын мәнінде ана
тіліне айналады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың тағы бір ерекшелігі олар көбінесе
сөзді өзіне қарап айтады. Яғни бала кезде өзімен-өзі сөйлесіп отырады.
Сөйлеудің бұл түрін Ж.Пиаже эгоцентрлік (лат - ego sentrum - өзіне)
сөйлеу деп атаған. Әдетте ересектер ойлау процесін іштей сөйлеу
нәтижесінде іске асырады. Іштей сөйлеу мектеп жасына дейінгі балаларда
әлі қалыптаспағандықтан, өз ойын өзіне естіртіп айтады. Демек
эгрцентрлік сөйлеу өзгеге арналмай, өзіне бағытталған ойды жеткізудің
ерекше түрі. Бала ойы өзіне түсінікті болса, өзіне естіртіп айту не үшін
қажет? Бала ойлау процесі жүзеге асуы үшін сол сөзді тірек ретінде
пайдаланады. Әйтпесе оның ойлауы мүмкін емес.
Балаларда мектепке дейінгі кезеңде ана тілінің жүйесіне бейімделу
жүзеге асады. Тілдің дыбыстық үні алты жасар бала үшін оның табиғи
қаракетіне жарасатын ең басты алғы шарт. Алты жасқа қарай бала ауызекі
сөйлеу тілінің күрделі грамматикалық жүйесін едәуір жақсы дәрежеде
80
меңгеріп алғаны соншалық, оның сөйлеп жүрген тілі ол үшін ана тіліне
айналады.
Ересектер күнделікті іштей сөйлегенде ойын соған тіркейді. Бала мұндай
операция жасауға дағдыланбағандықтан, ойын үнемі естіртіп айтады.
Сондықтан эгоцентрлік сөйлеу бөгде біреумен қатынастың түрі емес, өз
ойын өзіне жеткізу болып табылады. Ж.Пиаже эгоцентрлік сөйлеу балада
7 жасқа дейін сақталынады да кейін мүлдем жоқ болып кетеді дейді. Бұған
Л.С.Выготский қарсы шығып,
бала жеті жасқа толғанда эгоцентрлік сөйлеу
мүлдем жойылып кетпей, оның іштей сөй-леуіне айналатынын дәлелдейді.
Л.С.Выготскийдіц пікірінше, іштей сөйлеу сырттай сөйлеу нәтижесінде
дамып шығады. Сырттай сөйлеу бірден іштей сөйлеуге айналмайды,
эгоцентрлік сөйлеу бұл екеуінің арасын ұштастырып, өзі кейін жоқ болып
кетеді дейді.
Бұл пікірді А.А.Степанов қолдайды. «Іштей сөйлеу сырттай сөйлеудің
негізінде қалыптасады. Мұндай ауыстыру балаларда үш жаста байқалады.
Яғни
балалар өзімен-өзі күбірлеп сөйлесе бастайды.Бұл сөйлеу бірте-бірте
азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады» дейді.
Ал, М.М.Мұқановтың пікірінше, мектепке дейінгілерде іштей сөйлеу
болмайтынын, сөйлеудің тек сырттай сөйлеу түрін ғана пайдалануға қабілетті
екенін айтады. Мұнан шығатын қорытынды, мектепке дейінгі балалар сырттай
сөйлеуді меңгеріп, бұл интериоризация процесі (сыртқы сөйлеудің ішкі
сөйлеуге айналуы) қалыптасу кезеңін бастан кешіреді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінін, қалыптасуына ересектердің сөзінің
әсері өте күшті екендігі белгілі. Бала оларға үнемі еліктеп, сөз арқылы қарым-
қатынас жасауға талпынады. Өз бетінше сез шығарып, басқа балалардың тіпті
үлкендердің сөзінде байқалатын қателіктерді көрігің келеді, яғни баланың тіл
сезімі күшті болады.
Отбасында баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл
бөлінсе, ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады. Тілі дамыған
баланың тілдік құралдарды үлкендерден қабылдап, оны өзі қолданатын
контекстік тілде пайдаланатындығын жоғарыда айттық. Әрине мектепке
дейінгі балалардың тілі жақсы жетілген дей тұрсақ та, ол бала тілі.
Контекстік тілді әрі дамытып, жетілдіруге іргетас қаланды деп айтуға
болады.
Мәдениетті тіл үшін сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің қалай
қолданылатындығы мен баяндалатын ойдың айқындығы ғана маңызды емес,
сондай-ақ баламен, басқа адаммен қалай сөйлескені, сөзді қандай нақышпен
айта алатындығы да маңызды. Адам тілі ынтықтырмас әншейін бір жылуы
жоқ нәрсе емес, тілде әрқашанда сезім күйін шертетін бейнелі мәнерлілік
болады.
Біз үшін баланың сөздік қоры және оның контекстік тілді құра білуі
қаншалықты маңызды болса, оның өз ойын қалай, қайтіп айтып жеткізе алуы
да соншалықты маңызды болуы тиіс. Тілдің эмоциялық мәдениетінің адам
өміріндегі маңызы зор. Тіл жатық және мәнерлі айтылуы мүмкін. Сонымен
81
бірге оның кейде қалай болса солай аса жылдам немесе баяу, жабыркау түрде
мүлде сылбыр да ақырын айтылуы ғажап емес. Баланын, калай сөйлегеніне,
тілінің қалай дамығанына қарай, оның тілін қалыптастыратын ортаға баға
бере аламыз.
Мектепке дейінгі бала тілінін дамуы мынадай үш кезеңнен тұрады- Бірінші
кезең: сөйлеуге дайындық кезеңі. Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас
реакциялар (жылу, інгалау т.б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат
болмайдн, жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады.
Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан
пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның
үлкендерден естіген сөздерін, дыбыстарына орайлас жасайтын реакциялар.
Бұл кезең шамамен 2 айдан 11 айға дейінгі мезгілді қамтиды. Екінші кезең
тіл құралдарын алғаш меңгерумен сипатталады. Бұл кезең 11 айдан 1 жас
жеті айлық мезгілде қамтиды. Үшінші кезең тілдің грамматикалық жүйесін
игерумен ерекшеленеді. Бұл мезгіл бір жыл жеті айдан шамамен үш жасқа
дейінгі уақытты қамтиды. Баланың жасы ұлғайған сайын қарым-қатынасқа
пайдаланатын грамматикалық формалардың саны бірте-бірте молая түседі.
Бала тілінің дамуына аса нәтижелі және нәтижесіз кезеңдер болатынына
келеиік. Адам психикасының дамуының аса табысты мезгілін психологияда
сензаитвтік кезең деп атайды. Әр жылда егіннің жақсы немесе өнімсіз
болатыны сияқты, адамның да оның ішінде баланың әрнәрсеге қабілетті,
сезімталдығы, қабылдау түрліше болып келетін кезеңдері болады. Бұл
жөнінде тұңғыш пікір айтқан Италияның дарынды педагогі Мария
Монтессори болды. Бұл көзқарас жөнінде Л.С.Выготский мен
А.С.Лейтестер құнды пікірлер айтты.
Сензитивтік көзге неге мән берілуі тиіс? Өйткені бала қабілеті мен
қабылдауы үнемі прогресспвтік жолмен дамымай, есейген сайын бұл
қасиеттер көмескіленуі мүмкін, тіпті жоғалып кетуі де ықтимал. Ұстаз бала
қабілетінің мол кезін пайдаланбай мезгілінен кешігіп қалса, даму өз
дәрежесінде болмайды, ол дамыта алған күннің өзінде де оған көп уақыт,
көп қаражат шығару қажет.
Ғалымдардың пікірінше, ана тілін меңгерудің сензитивтік кезі мектепке
дейінгі кезең. Бұл жаста бала ана тілінің грамматикалық құрылысын
толық игеріп, ересектер және құрдастарымен пікір алысу дәрежесіне дейін
көтеріледі. АҚШ-тың лингвист ғалымы Э.Пульгремнің айтуынша, егер
баланы шет тілінде 4-5 жастан оқытса, тез үйреніп жақсы меңгерген болар
еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сенгеннен кейін меңгертетін
болса, оған көп уақыт және мол қаражат жібергенімен нәтижесі аз
болады.
Бала ақыл-ойының даму кезі тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды.
Егер бала 10 жасында ана тілін өз дәрежесінде меңгерсе, ақыл-ой тек 40
жасқа келгенде толығады. Демек тіл мен ойлаудың сензитивтік кездері
түрлі уақыттарға сай келеді.
82
Кейбір жағдайда баланың алғашқыда белгілі бір нәрсеге ықыласы
болмаса, кейін соған қызығушылығы артуы мүмкін, Оның себебі әуелгі
кезде бұл іс-әрекет түріне ықыласы да оны қызықтыратын түртікісі де
болмауы мүмкін. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына
да тәуелді келеді. Мұнан шығатын қорытынды, баланың синзитивтік кезі
белгілі бір жасына ғана сай келмей, оның жеке басының психикалық
ерекшелігіне сырттан түрткі әсердің күшіне қарай алдағы өмірінде де
кездесуі мүмкін.
Мектепке дейінгі кезеңде тілді практика жүзінде қолдану ауызша сөйлеу
тіліндегі сөздерді бөліп талдаудан анағұрлым ерте қалыптасады. Бөбек (1-3
жас) сөйлемнен сөзді мүлдем ажырата алмайды, тек қайталаумен
шектеледі. Ал мектепке дейінгілер. (6-7 жас) бірте-бірте сөйлем құрамынан
заттың мағыналық сөздерді, яғни зат есімді оқшаулай алады, біртіндеп
басқа да сөз табына бөлуге өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тіліндегі жеке
сөздерде бөліп алу процесі бірнешс кезецнен өтеді. Бірінші кезеңде бала
белгілі бір ойыншықпен ойнайды, ойын барысында ауызша сөйлеу тілінен
сөзді бөлу үшін сыртқы тіректі таба алмайды. Екінші кезеңде бұл сырты
тіректер тіл құрамынан сөзді бөліп алуға көмектеседі, бірақ бұл опе-
рация тұрақты сипат алмайды. Үшінші кезеңіде мектеп жасына дейінгі
балалар (6-7) сыртқы таяныштарға сүйенбей-ақ ішкі іс-әрекет
нәтижесінде тілден сөзді бөлу операциясы біршама тұрақты болады [16].
Мектептегі оқу жүйесінде аса қажетті сөйлем құрамынан сөзді бөліп, оны
талдау дағдысы бүкіл мектепке дейінгі кезеңде өте баяу қалыптасады.
Жоспарлы түрде оқыту бұл процесті тездетуге ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, "мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың өзіне тән
мынандай тіл ерекшеліктерін атауға болады.
1. Баланың алғашқы сөздері «сөз-сөйлем», яғни ол бір сөзімен-ақ
айтайын деген ойын аңғартады.
2.
Егер
бөбекке
(1-2
жас)
көбіне
ситуациялық
(жағдай)
сөйлеу
формасында
болса,
мектепке
дейінгі
балаларда
(3-7
жас) контекстік және эгоцентрлік сөйлеулер тән.
3.
Тілі
шықпаған
нәрестенің
алдымен
сөйлеу
мүшелері
дамиды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан
басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу
органдары нығая түседі.
4.
Бөгде адамдардың сөзін түсінуден баланың өзінің сөй-
леу процесі өте кеш қалыптасады.
5.
Бұл
дәуірде
балалар
іс-тәжірибе
жүзінде
ана
тілінде
сөйлеудің негізгі еріжелерін іс жүзінде меңгеріп алады.
6-7 жасар баланың стихиялы түрде дамыған тілін соншалықты жақсы
жетілген тіл десек те ол - бала тілі. Оның контекстік тілін одан әрі
жүйелі дамытып жетілдіру - мектептегі ана тілін меңгерген педагогикалық
әдіс-тәсілдермен қаруланған мұғалімдердің парызы.
|