Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы



бет1/5
Дата24.12.2021
өлшемі28,54 Kb.
#104771
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих 2
3 дарис

  1. Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы

Қазақ халқының ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің шырқау шыңы 1905 жылғы оқиғаларға байланысты екендігі тарихи ақиқат. Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары Бірінші орыс төңкерісі деген атпен тарихта қалған Ресейдегі ұлы бүліншілікті қазақ пайдасына шешуге ұмтылды. Отаршыл мемлекеттің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған сәтті пайдаланып, қазақ халқының тәуелсіздік күресін бастап кетті. Әлбетте, қару көтеріп, қантөгіс жолымен емес, саяси-әлеуметтік, экономика-лық-құқықтық талаптар қою арқылы өркениетті жолмен Қазақ мемлекетін құрудың жолдарын іздестірді. Ол үшін алдымен орыс империясының құрамындағы жұрт ретінде қазақтар өздерінің заңды құқықтарына кепілдік беруді талап етті.

Осы талаптардың қағазға түсіп, еліміздің тарихында тұң-ғыш рет отаршыл империяның ең биік билік орындарына жолданған саяси құжат «Қарқаралы петициясы» болатын.Қазақ халқының Ресей отаршылдығына наразылығын тұң-ғыш рет кең ауқымды саяси мәселе ретінде табандылықпен көр-сеткен құжаттың төңірегіндегі әлі де анықталмаған жағдайлар көп.

Тіпті, тәуелсіздік алғаннан кейін де көрнекті зерттеуші ма-мандар 1905 жылдың жазында Орталық Қазақстандағы, Қарқаралы қаласынан қозы көш жнрдегі атақты Қоянды жәрмеңкесінде, үш Жүздің қазағы бас қосқан үлкен жиындарда мақұлданып, бүкіл қазақ халқы атынан Ресейдің ең жоғарғы билік орындарына жолданған бұл құжаттарды дұрыс бағалап болған жоқ.

Тарихта «Қарқаралы петициясы» деген атпен белгілі болған талап-арыз (Шынында біреу ғана емес. - З.Т.) зерттеушілер назарына ерте-ақ ілінген болатын. Көрнекті ғалым Санжар Асфендияров «История Казахстана с древнейших времен» (Алматы, 1993 ж.) деген еңбегінде бірінші орыс революциясының дүмпуімен қазақ даласында отаршылдыққа қарсы наразылық бой көтерудің көрініс ретінде дүниеге келген бұл петиция туралы білген. Бірақ, өз кезіндегі идеология ықпалынан шыға алмай, бұл қозғалыстарға біржақты, тіпті немқұрайлы баға береді. Мысалы, аталған кітаптың 271-бетінде былай деп жазады: «...Қазақ газеттері шы-ға бастайды, қоғам қайраткерлерінің, «құрметті адамдардың», яғни, билер мен ақсақалдардың съездері жиналады. Көптеген съездер (Қарқаралы, Орал, т.б.) дәл сол «құрметті адамдар» мен интеллигенцияның съездері еді. Жиындарда үкімет атына петициялар мен тілек-өтініштер қабылданды. Әсіресе, отарлау саясатына көп орын берілді, өйткені қоныс аудару белгілі дәре-жеде қазақ қоғамының барлық қабаттарына залал келтірді».

Ал, екінші бір ірі қайраткер Тұрар Рысқұлов осы мәселе жөнінде: «1905 жылғы манифестке байланысты қазақтар арасында митингілер өткізілді, дін және жер тақырыбына петициялар жазылды...»[1] деп, - көрсетеді. Осылайша, көтерілген мәселелер «Дін және жер» тақырыбы төңірегінде шектеліп қалған деп білген. Бұған да коммунистік идеологияның салқыны тиген.

Шет елдерде жүріп отарлық езгідегі қазақ халқының мүддесін қорғаған, Кеңестік құрылысты үнемі сынап өткен көрнекті қоғам қайраткері Хасен Оралтай «Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны» деген еңбегінде Қарқаралы петицияларының жазылуына байланысты жиындарды «Алаш» партиясының бастау шағы деп түсіндіреді. «Партиялық қызмет жасырын жүргізілгендіктен, - дейді Х.Оралтай, - Алаш партиясының тұңғыш (құрылтай) съезі 1905 жылы маусым айында 14500 қа-зақ түркісінің қатысуымен Қарқаралыда өткізілді. Бірақ, ресми түрде Алаш партиясының съезі болып есептелмейді. Солай бол-ғанмен де 1905 жылғы съезд Алаш партиясының съезі екендігіне күмән жоқ. Өйткені, 1905 жылы съезді ұйымдастырушылар, оның басқарушылары және онда шығып сөйлегендердің бәрі Алаш партиясының мүшелері еді. Бұл съезге Алаш партия-сының лидері Әлихан Бөкейханұлының өзі қатысты»[2].

Х.Оралтай бұл арада істің мән-жайын толық білмегендігін көрсетеді. 1905 жылғы маусымда Ә.Бөкейхан Қояндыда болмаған. Мұрағат деректері Әлекеңнің Омбыда екенін, Қояндыда жазылған наразылық талап-хаттарды Омбыда қабылдап, Петербургке өзі алып кеткендігін айғақтайды. Ресейдің орда қаласында Әлекең бұл хаттарды патша кеңсесіне тапсырумен бірге, бірнеше саяси газеттерге ұсынып, жариялатқан.

Ал, енді Қарқаралы жиындарының Алаш съезі екендігін дәлелдеу үшін Х.Оралтай Ә.Бөкейханның 1910 жылы жариялаған «Киргизы» деген еңбегіне сілтеме жасайды.[3]

Бұл арада автор «съезд» деген атауды бірнеше рет ауызға алғанда С.Асфендияровтың жоғарыда аталған еңбегіне жүгінген болуы тиіс.

Обалы қанша, Кеңес дәуірінің басқа да зерттеушілері Қарқаралыда халық атынан қабылданған осы құжаттардың маңызын ұнатпаса да, мойындаған: «Бұл петицияның жалпықазақтық си-паты болды және шын мәнінде алаш қозғалысының саяси негізін салды»[4], - деген сөздер С.Брайнин мен Ш.Шафиронікі.

Енді мақаламызға арқау болып отырған құжаттар туралы өз кезінде не жазылғанын көрсетейік. Семейде шығып тұрған орыс тіліндегі «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 84-85 сандарынан мынаны оқимыз: «Қайткен күнде де еңбекшілерді революциялық күреске қатыстырмау үшін, феодалдық қазақтың байшыл көсемдері мен мұсылман дінбасылары «Петиция» науқанын ұйымдастырды. 1905 жылы 25-шілдеде Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралы қаласына жақын) байлар съезі болды, онда патшаның атынан петиция дайындалды. Көтерілген басты мәселелер: қазақ жерінде ерекше мұсылмандық діни ба-қару жүйесін құру, мешіттер салу, діни медреселер ашу, Меккеге қажылыққа баруға рұқсат беру».




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет