Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы


Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас



бет4/5
Дата24.12.2021
өлшемі28,54 Kb.
#104771
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих 2
3 дарис
4.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.

Еліміз тарихында ерекше аталып, жыл өткен сайын ұлықтала түсетін сондай келелі оқиғалардың бірі – биыл 105 жыл толып отырған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. Бір өкініштісі, бұл кезең – алтынмен жазылса да, бодауы қанмен төленген қаралы тарих.

1916 жылғы 25 маусымдағы патшаның Қазақ өлкесі, Орта Азия және Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу жарлығы қазақ даласына жай оғындай тиді. Дүрліккен ел бас көтеріп, қазақ даласының әр қиырында толқулар болып жатты. Жер шалғайлығы, ел арасындағы әлсіз байланыс көтерілісте күшті топтастыруға, өзара ортақ қимылдауға көп қиындық тудырды. Сол себепті, әркім өз бетінше атқа қонып, әрекет жасағандар ауқымы мен күші де әр өңірде әркелкі болды.

Тұрар Рысқұловтың «1916 жылғы көтеріліс» деген мақаласында: «Басқаларға қарағанда күштірек болған көтеріліс – Әулиеата уезінің, әсіресе, Меркі ауданының көтерілісі болды. Әулиеата уезінен қара жұмысқа 22 мың 675 адам алынбақ екен. Тамыздың соңына дейін үш мың адам алынды» дейді. Осыған байланысты мынадай бір деректерге мән бермесек болмас. Аталған мақаланың басында генерал-губернатордың Түркістан өлкесіне таратқан жарлығында: Сырдария облысынан 60 мың, Самарқан облысынан 32 мың 407, Ферғана облысынан 13 мың 830 адам алыну керек деп көрсетілген. Яғни, Самарқан мен Ферғанаға «мақта егетін елдерге жеңілдік» жасалған. Сондықтан негізгі қиыншылық қазақ ауылдарына түскен. Осындай жағдайдан соң көтерілістің қазақ жерінде көп болуы заңды құбылыс деп түсіну керек.

Қазақтан қара жұмысқа адам алу санына байланысты Мұхамедрахым Жармұхамедұлы деген зерттеуші былай деп жазады: «Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы бекіткен есеп бойынша басында Әулиеата уезінің 43 болысынан 13 мың 104 адам алу жөнінде бұйрық болған. Қазақтардың қарсылығынан кейін бұл сан 22 мыңнан асып кеткен» дейді . Сонда, Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Мадритов пен генерал-адъютант Куропаткин ойына келгенін істеген болып шығады. Бұйрықтың қатаң атқарылуы, Әулиеата уезінің бастығы Н. С. Кастальский мен Меркі приставы Лун­диннің ымырасыз әрекеттері елдегі жағдайды одан әрі ушықтыра түсті. Айналып келгенде, осының бәрі халықтың патша билігіне деген ашу-ызасы мен қарсылығын өршітті. Ашынған ел өз еріктерімен қайсар ұлдарының жағына шықты.

Ұзын сойыл ұр да жық генерал-губернаторлар әскерлерді ғана емес, орыс шаруаларын да қазақтарға қарсы айдап салды. Жетісу генерал-губернаторы Фольбаум «Барлық әскерлер мен крестьяндарға жеткізіңіз: Бүлікті жылдам басып, басбұзарларды тәубесіне келтіру тек бір жолмен ғана іске асады. Ол үшін ең бүлікшіл болыстың тас-талқанын шығарып, бірнеше жүз адамын қырып салу арқылы өзгелерге сабақ беру керек деген шешім шығарды. Қабылбек Сарымолдаевтың қарашекпенділер Саңырақ деген руды кемпір-шал, бала-шаға демей түгел қырып салды деп еске алуы осы бұйрықтың орындалуы деп қабылдауымыз керек .

Міне, өлке, облыс тағдырын шешетін шенділердің шынайы бейнесі.

Көтеріліс кезінде орын алған қанды қырғын, жүздеген мың адамдардың қаза табуы алаш қайраткерлері қаупінің негізсіз еместігін дәлелдеді. Бұл жайында М. Дулатұлы 1926 жылы көтерілістің 10 жылдығына орай «Еңбекші қазақ» газетінде жазған «1916 жыл» атты материалында былай баяндайды: «Өз өмірімізде басымызға тумаған ұлы дағ­дарысқа ұшырадық. Қайтпек керек?! Не істейміз? Елге не айтамыз? Біздің басшылығымыз қандай болмақ керек? Елдің ырзалықпен көнгісі келмейтіні, балаларын бергісі келмейтіні, «соғыс», «солдат» деген сөздерден өлердей қор­қатыны, патша үкіметіне сенімі жоқтығы белгілі. «Көнбе, берме» дейміз бе? Оның түбі не болады? Немізге сеніп «көнбе» дейміз? Көнбейтін күшіміз қайда? Бізде ұйымдасқан күш жоқ. Көнгені дұрыс па екен? Көнбегені артық болар ма екен? Екеуінде де зиян бар екен. Екі зиянның қайсысы жеңіл болар екен?

Міне, біздің басымызды даң қылған, миымызды ашытқан, ұлы дағдарысқа қалдырған сұраулар осылар еді... Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ кетсін деуге дәтіміз шыдамады. Сондықтан, біз екінші жолды қаладық. Көну керек дедік. Осыған бел байлағаннан кейін елге көріне айтатын сөзіміз де, басшылығымыз да осы бетте болды. Тек неше түрлі сылтаумен соза беру жағын ғана ескеріп отырдық (Міржақып. 1916 жыл//Еңбекші қазақ. - 1926.-#145).

Осы ойдың өзі-ақ 1916 жылғы көтеріліс кезінде алаш зиялылары ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігін көрсетеді.

Қазақ халқы қанша жуас, момын, шыдамды болғанымен ақ пен қараны, жақсы мен жаманды ажырата білетін ел екенін тарихта талай дәлелдеген. Ол дұшпанының шектен шыққан қорлығына көнбейтінін осы 1916 жылғы көтерілісте анық көр­сетті. Бүкіл қазақ жерінде орын алған ұлт-азаттық көтеріліс патша өкіметіне қауіп төндірер күш болды десек, артық айтқандық болмас. Өйткені, дайын әскері, жетілген қару-жарағы жоқ қазақ елінен қайтпас қар­сылық күтпеген орыс отаршылары қатты састы. Мұндай қайсарлықты қазақ халқы тарихта талай көрсеткен. Алысқа бармай-ақ оның жарқын бір дәлелі – кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Әлемді аузына қаратқан алып империя КСРО-ның ыдырауына да себеп болған – қазақтың батыр ұл-қыздары. Біздің тәуелсіз ел болуымызға да осындай намысшылдығымыз жетелегені анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет